Конспект (теория)


Реакцияның жылдамдығының формуласы

 

Реакцияның жылдамдығын жазу үшін төрт нәрсені білу керек:


осының барлығын қысқартып, мынадай формула жаза аламыз: 

Кейде c2-c1 дегенді ∆с деп, және t2 - t1 дегенді ∆t деп қысқартып жазады

Гомогенді (біртекті) реакция әрекеттесуші заттар біртекті болса (мысалы: газ бен газдың, ерітінділердің бір-бірімен әрекеттесуі). Гетерогенді (әртекті) реакция – әрекеттесуші заттар әр түрлі болса (мысалы: газ бен сұйықтық, қатты зат пен сұйықтық).

Гомогенді реакцияның жылдамдығын есептеу: 

Ал, гетерогенді рекцияның жылдамдығын есептеу: 

Формуладағы: – зат мөлшері, S – қатты заттың беткі ауданы,  V - газдың немес сұйықтың көлемі

ЕСКЕРТУ!

Жылдамдық ешқашан минус таңбамен жазылмайды, есептеу кезінде теріс (минус) мәнге ие болып қалса, формуладағы минус таңба арқылы қайта оң мәнге ие болады!

 

Концентрацияның реакция жылдамдығына әсері

      

aA + bB = cC + dD реакциясы үшін, реакцияның кинетикалық теңдеуі: v = k ∙ cAa ∙ cBb

Мұндағы k – жылдамдық константасы, реакциядағы заттар алдындағы a және b коэффициенттер кинетикалық теңдеу жазғанда дәрежеге айналады.

  • Формулада тек бастапқы заттарды жазамыз, өнімдерді формулада жазбаймыз.
  • Формулада қатты заттарды жазбаймыз. Сондықтан реакцияға түсетін заттардың агрегаттық күйіне мән беру керек

Мысалы:

2H2 + O2 = 2H2O реакциясы үшін кинетикалық теңдеуі былай болады: v = k ∙ cH22 ∙ cO2

S + O2 = SO2 реакциясы үшін кинетикалық теңдеуі былай болады: v = k ∙ cO2. Формулада күкіртті жазбаймыз, себебі ол қатты зат.