Конспект-1


МЕТАЛДАРДЫ ӨНДІРУ

 

Металлургия – металдарды және құймаларын алудың өнеркәсіптік  әдістері туралы ғылым саласы. Металлургия  қара (темір және құймалары), түсті металдар  (басқа металдарды) өндіру болып екіге бөлінеді.


Пирометаллургия – жоғары температурада металдарды кендерден басқа химиялық заттармен (көміртек, көміртек (II) оксиді, сутек т.б.) және металдармен (алюминий, магний) тотықсыздандыру арқылы алу. Бұл әдістің артықшылығы – көміртек пен сутек арқылы ластанбаған таза металдарды өндіруге болады. Мысал реакциялар:

SnO2 + 2C = Sn + 2CO↑

Cu2O + C = 2Cu + CO↑

MoO3 + 3H2 = Mo + 3H2O

TiO2 + 2Mg = Ti + 2MgO

3MnO2 + 4Al = 3Mn + 2Al2O3

 

Гидрометаллургия – металдарды кендерде бөлу үшін сулы ерітінділер қолданылады. Мысалы, мыс оксидінен мыс сульатын алу кезінде күкірт қышқылынығ сулы ерітіндісі қолданылады:

CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O

Кейін, алынған мыс сульфатын электролиздеп таза мыс алады. Күміс, мырыш, молибден, алтын және уранды да осындай әдіспен алады.

 

Электрометаллургия – металдардың ерітінділерін немесе балқымаларын электролиздеу арқылы металл алу. Бұл әдіс арқылы алюминий, сілтілік, сілтілікжер металдар өндіріледі.

1. Сілтілік  және сілтілікжер металдарды алу үшін олардың тұздарының балқымаларын электролиздейді:

2NaCl =  2Na + Cl2

CaCl2 = Ca + Cl2

4NaOH = 4Na + O2↑ + 2H2O

 

2. Белсенділігі орташа немесе төмен металдарды алу үшін олардың сулы ерітіндісін электролиздейді:

MnSO4 + 6H2O = Mn↓ + 5H2 + 3O2↑ + H2SO4