Конспект-2


ГАЛЬВАНОСТЕГИЯ ЖӘНЕ ГАЛЬВАНОПЛАСТИКА

 

Гальванотехника – металл және бейметалдардың бетін электролиттік әдіспен металдармен қаптау процестерін қамтитын электрохимия бөлімі. Гальваностегия және гальванопластика деген екі бөлімнен тұрады.

 

Гальванотехника

Гальваностегия

гальванопластика

металдан жасалған заттардың бетін металдармен қаптау арқылы сол затқа механикалық беріктік пен сыртқы көрісін әсемдеу әдісі


метал және бейметалдан жасалған заттың дәл көшірмесін жасау үшін металды сол заттың бетіне электрохимиялық әдіспен қою.

 

           

  

ҚАЙТА ӨҢДЕЛЕТІН МАТЕРИАЛДАР    

 

Адамдар күнделікті тұрмыста көптеген заттарды қоқысқа шығарады, алайда олардың басым бөлігі қайта өңделмей, экологияны ластайды. Ал, табиғаттың ластануы тікелей тірі ағзаның тіршілігіне кері әсер етеді. Сондықтан қалдықтарды қайта өңдеу – ең өткір экологиялық проблемелардың бірі.

Металл сынықтары төзімді әрі берік болғандықтан шексіз қайта өңделе беруі мүмкін. Мысалы, сусындарға арналған банкалар жасау үшін алюминийді бірнеше қайтара өңдейді.

 

Шынылар да металдар сияқты шексіз өңделеді. Дегенмен, шыныны өңдеу өте көп энергияны талап етеді. Оның табиғи ыдырауы біргеше жылға созылады, ал ол қоршаған ортаға зиян келтіреді.

 

Қағаздың металл мен шыныдан ерекшелігі оны сегіз ретке дейін қайта өңдеуге болады. Содан кейін ол өзінің қасиетін жоғалтады. Қағаз қалдықтарынан қайта өңделген қағаздан газет-журнал, қағаз және картонның қаптама түрлерін, жұмсақ шатыр материалдарын өндіруде кеңінен қолданылады.

 

Пластмасса бөтелкелер және полиэтилен.  Полиэтилен табиғи жағдайда 300 жылдан асық уақытта ғана ыдырай бастайды. Бірақ полиэтиленді қайта өңдеп, бөтелке ала алмаймыз. Олар қайта өңделсе пластмассалардың төменгі сортына айналады, және басқа мақсаттар үшін қолданады.


Тоқыма материалдарды қайта өңдеу басқаларына қарағанда күрделі процесс. Себебі, оның ұзақ уақытта өз беріктегі мен басқа да қасиеттерін жоғалтуына байланысты. Қайта өңделген тоқыма материалдарына беріктік беру үшін жасанды талшықтарды пайдаланады.