Тест сұрақтары
10 сұрақ (жауабы төменде)
01. Химиялық құбылысты тап:
A) көмірдің жануы
B) қанттың суда еруі
C) балдың балқуы
D) спирттің булануы
02. Өзен құмы мен судың қоспасын бөліп алуға болады:
A) магнит арқылы
B) қоспаны қыздыру арқылы
C) ерітіндіні сүзу
D) температураны төмендету арқылы
03. Жай заттың формуласын тап:
A) SF
B) NaI
C) Li
D) су
04. Жай заттың формуласын тап:
A) K2SО4
B) N2O
C) CuS
D) H2
05. Мына жазу нені білдіреді : 7F2
A) 7 атом фтор
B) 17 атом фтор
C) 7 молекула фтор
D) 7 молекула хлор
06. Химиялық құбылысты тап:
A) Сіріңке басының жануы
B) Шамдағы вольфрам сымдарының жарқырауы
C) Спирттін булануы
D) Судың қатуы
07. Алюминий мен темірдің үгіндісінен тұратын қоспаны бөліп алуға болады:
A) Су қосып ерітіндіні сүзу
B) Қоспаны қыздыру
C) Магнит арқылы
D) Бөліктерін механикалық бөлу
08. Физикалық құбылыс:
A) Күкірттің жануы
B) әк суының лайлануы
C) мыстың балқуы
D) қанттың жануы
09. Су мен бензин қоспасын айыру әдісі:
A) магнитпен
B) тұндыру
C) сүзу
D) қайнату
10. Күрделі заттың формуласы:
A) Ba
B) Cl2
C) S
D) BaCl2
Жауаптары
1. A
2. C
3. C
4. D
5. C
6. A
7. C
8. C
9. B
10. D