Тест сұрақтары (20 сұрақ)

(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)

01. Дистильденген су құйылған стаканға аздап көк лакмусты тамызып, түтікше арқылы үрлегенде лакмустың қызаратындығын түсіндіретін процестің реакция теңдеуі

A) C + O2 = CO2

B) 2C + O2 = 2CO

C) H2O + SO2 = H2SO3

D) H2O + CO2 = H2CO3

E) CO2 + C = 2CO

 

02. Aлюминий хлориді гидролиз теңдеуінің ll сатысындағы қысқартылған иондық теңдеуінің жалпы коэффициенті

A) 2

B) 4

C) 5

D) 7

E) 3

 

03. Реакция ортасы қышқылдық болатын тұз

A) Na2CO3

B) NaCl

C) BaS

D) ZnCl2

E) Li2SO3

 

04. Гидролизге ұшырайтын тұздар қатары

A) FeCl3, K2CO3

B) NaCl, K2S

C) K2S, Na2CO3

D) Al(NO3)3, K2CO3

E) CaCO3, ВаSO4


05. Қышқылдық ортада түстерін қызылға өзгертетін индикатор

A) Лакмус

B) Фенолфталеин

C) Малина

D) Катализатор

E) Ингибитор

 

06. Сілтілік ортада таңқурай түске боялатын индикатор

A) лакмус

B) метилоранж

C) фенолфталеин

D) ингибитор

E) катализатор

 

07. Алюминий нитраты ерітіндісінің ортасын табыңыз

A) бейтарап

B) қышқылдық

C) негіздік

D) сілтілік

 

08. Судағы ерітіндісі сілтілік ортаны көрсететін зат

A) NaCl

B) HCl

C) Na2CO3

D) NH4Cl

E) Al(NO3)3

 

09. Мына заттардың қайсысы суда ерігенде орта қышқылдық болады?

A) Na2SO3

B) Na2HPO4

C) AlCl3

D) K2SO4

E) NaCl

 

10. Күшті қышқыл

A) H2CO3

B) H2SO3

C) H3PO4

D) H2SO4

E) K2O

 

11. Ерітінділерінде лакмус қызыл түске боялады.

A) Алюминий нитраты

B) Калий нитраты

C) Натрий хлориді

D) натрий карбонаты

E) калий фосфаты

 

12. Қышқылдық орта мына ерітіндіде болады

A) KCl

B) NaNO3

C) AlCl3

D) KOH

E) NaCl

 

13. Гидролиз реакциясы

A) Алмасу

B) Орынбасу

C) Қосылу

D) айырылу

E) катализдік


14. Лакмус натрий фосфатының сулы ерітіндісінде :

A) Көгілдірленеді

B) Қызарады

C) Сарғыш түсті

D) қою көк

E) түссіз


15. Лакмус бейтарап ортада

A) күлгін

B) сары

C) қызыл

D) жасыл

E) көк


16. Негіздік ортада метилоранж

A) қызыл сары

B) сары

C) ақ-сары

D) күлгін

E) көк


17. Фенолфталеин қышқылдық ортада:

A) түссіз

B) жасыл

C) сары

D) қызыл-сары

E) қызғылт


18. NaOH лакмус ерітіндісінде

A) көк

B) жасыл

C) сары

D) қызыл

E) ақ


19. Сa(OH)2 ерітіндісінде лакмус түсі қалай өзгереді

A) таңқурай түстес    

B) күлгін түс    

C) қызыл  түс 

D) көк түс

E) түссіз

 

20. Сілті ерітіндісінде лакмус түсі қалай өзгереді?

A) қызыл   

B) көк    

C) таңқурай    

D) жасыл     

E) түссіз

 

Жауаптары

 

1. Дистильденген су құйылған стаканға аздап көк лакмусты тамызып, түтікше арқылы үрлегенде лакмустың қызаратындығын түсіндіретін процестің реакция теңдеуі

D) H2O + CO2 = H2CO3

 

2. Aлюминий хлориді гидролиз теңдеуінің ll сатысындағы қысқартылған иондық теңдеуінің жалпы коэффициенті

B) 4

Толық иондық реакция: Al3+ + 3Cl- + 3HOH = Al(OH)3 + 3H+ + 3Cl-

Екінші саты: AlOH2+ + HOH = Al(OH)2+ + H+

 

3. Реакция ортасы қышқылдық болатын тұз

D) ZnCl2

Zn(OH)2 – әлсіз/ерімейтін негіз; HCl – күшті қышқыл

 

4. Гидролизге ұшырайтын тұздар қатары

A) FeCl(әлсіз/ерімейтін негіз және күшті қышқыл), K2CO(күшті негіз, әлсіз қышқыл)

 

5. Қышқылдық ортада түстерін қызылға өзгертетін индикатор

A) Лакмус

 

6. Сілтілік ортада таңқурай түске боялатын индикатор

C) фенолфталеин

 

7. Алюминий нитраты ерітіндісінің ортасын табыңыз

B) қышқылдық

Al(OH)3әлсіз/ерімейтін негіз; HNO3 күшті қышқыл

 

8. Судағы ерітіндісі сілтілік ортаны көрсететін зат

C) Na2CO3

NaOHкүшті сілті; H2CO3 әлсіз қышқыл

 

9. Мына заттардың қайсысы суда ерігенде орта қышқылдық болады?

C) AlCl3

Al(OH)3әлсіз/ерімейтін негіз; HCl – күшті қышқыл

 

10. Күшті қышқылды ата

D) H2SO4

 

11. Ерітінділерінде лакмус қызыл түске боялады.

A) Алюминий нитраты (қышқылдық орта, әлсіз негіз және күшті қышқыл)

 

12. Қышқылдық орта мына ерітіндіде болады

C) AlCl3

Al(OH)3 – әлсіз/ерімейтін негіз; HCl – күшті қышқыл

 

13. Гидролиз реакциясы

A) Алмасу

 

14. Лакмус натрий фосфатының сулы ерітіндісінде :

A) Көгілдірленеді

 

15. Лакмус бейтарап ортада

A) күлгін

 

16. Негіздік ортада метилоранж

B) сары

 

17. Фенолфталеин қышқылдық ортада:

A) түссіз

 

18. NaOH лакмус ерітіндісінде

D) қызыл

 

19. Сa(OH)2 ерітіндісінде лакмус түсі қалай өзгереді

A) таңқурай түстес    

 

20. Сілті ерітіндісінде лакмус түсі қалай өзгереді?

B) көк    


Соңғы өзгеріс: Сенбі, 30 Қыркүйек 2023, 1:38