Тест сұрақтары (20 сұрақ)

(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)


01. Бос күйінде алмаз және графит түрінде кездеседі:

A) кремний

B) азот

C) литий

D) көміртек

E) темір

 

02. Табиғи көміртектің тұрақты изотоп саны:

A) 2

B) 1

C) 4

D) 8

E) 5

 

03. Ең қатты көмір:

A) фуллерен

B) карбин

C) кремний

D) антрацит

E) кокс

 

04. Бетінде сіңірілу процесі жүретін заттар

A) адсорбент

B) адсорбат

C) құрғақ мұз

D) алмаз

E) фуллерен

 

05. Металлдардың кремниймен қосылысы аталады:

A) силицидтер

B) нитриттер

C) нитраттар

D) фосфидтер

E) фосфориттер

 

06. Кремний қышқылының тұздары:

A) нитриттер

B) фосфидтер

C) фосфаттар

D) силикаттар

E) бейметалдар

 

07. жануды және тыныс алуды қолдамайды, бірақ жасыл өсімдіктердің қоректену көзі болып табылады, онда жанған шырпы сөніп қалады:

A) СО2

B) СО

C) C

D) Fe

E) NO

 

08. Құрғақ мұз ретінде қолданылады:

A) СО2

B) СО

C) C

D) О2

E) NO

 

09. 15,6 г кремний қышқылын алуға қажетті натрий силикатының массасы:

A) 29,4

B) 11,2

C) 33,4

D) 90

E) 24,5

 

10. Құрамында 10% қоспасы 294 г құмнан 100 г кремний алынды. Теориялық массамен салыстырғанда өнім шығымы (%)

A) 89

B) 81

C) 60

D) 67

E) 70

 

11. Массасы 10 кг натрий гидроксиді кремний оксидімен әрекеттескенде 11,2 кг натрий силикаты алынды. Натрий силикатының теориялық массамен салыстырғандағы шығымы:

A) 74

B) 87

C) 90

D) 34

E) 65

 

12. Массасы 120 г темір (III) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді. Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы

A) 80%

B) 90%

C) 70%

D) 60%

E) 50%

 

13. СО2, СО, СН4 қосылыстарындағы көміртектің валенттілігін көрсететін қатар:

A) 4, 2, 4

B) 0, 2, 4

C) 4, 4, 4

D) 2, 2, 4

E) 1, 2, 3

 

14. Fe2O3 + CO = Fe + CO2 6 моль тотықсыздандырғышпен әрекеттесетін тотықтырғыш массасы

A) 216 г

B) 420 г

C) 160 г

D) 320 г

E) 120 г

 

15. 200 г мәрмәр тас ыдырағанда бөлінетін көмірқышқыл газының көлемі:

A) 5,6 л.

B) 33,6 л.

C) 22,4 л.

D) 44,8 л.

E) 11,2 л.

 

16. 240 г кремний (ІV) оксидін ерітуге қажет натрий гидроксидінің массасы ...

A) 240 г.

B) 320 г.

C) 200 г.

D) 280 г.

E) 360 г.

 

17. Кремний атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласы:

A) 2s22p6

B) 3s23p2

C) 3s23p6

D) 3s23p5

E) 2s22p4

 

18. Кальций силикатының формуласы:

A) CaSi

B) CaSiO3

C) Ca2SiO4

D) K2SiO3

E) KSi

 

19. 1 моль көміртектегі атом саны  

A) 12,02 ∙ 1023

B) 6,02 ∙ 1023

C) 6,02 ∙ 1022

D) 6,02 ∙ 1024

E) 0.602 ∙ 1023

 

20. Берілген реакцияның тепе-теңдігін оңға қарай ығыстыратын жағдай: CO + H2O = CO2 + H2 + Q

A) Қыздыру.

B) CO концентрациясын азайту.

C) CO2 концентрациясын азайту.

D) Қысымды жоғарылату.

E) Қысымды азайту.

 

Жауабы 

1. Бос күйінде алмаз және графит түрінде кездеседі:

D) көміртек

 

2. Табиғи көміртектің тұрақты изотоп саны:

A) 2

 

3. Ең қатты көмір:

D) антрацит

 

4. Бетінде сіңірілу процесі жүретін заттар

B) адсорбат

 

5. Металлдардың кремниймен қосылысы аталады:

A) силицидтер

 

6. Кремний қышқылының тұздары:

D) силикаттар

 

7. жануды және тыныс алуды қолдамайды, бірақ жасыл өсімдіктердің қоректену көзі болып табылады, онда жанған шырпы сөніп қалады:

A) СО2

 

8. Құрғақ мұз ретінде қолданылады:

A) СО2

 

09. 15,6 г кремний қышқылын алуға қажетті натрий силикатының массасы:

A) 29,4

 

X г

 

 

 

 

 

 

 

15,6 г

Na2SiO3

+

H2O

+

CO2

=

Na2CO3

+

H2SiO3

122 г

 

 

 

 

 

 

 

78 г

X = 29,4 г

 

10. Құрамында 10% қоспасы 294 г құмнан 100 г кремний алынды. Теориялық массамен салыстырғанда өнім шығымы (%)

B) 81

Құмның нақты формуласы жоқ, себебі ол қоспа. Дегенмен құмның көптеген бөлігі кремний оксидінен тұрады, сондықтан реакцияны төмендегідей жазамыз. Және кремний оксидінен кремний алу реакциясы айырылу реакциясы (SiO2= Si + O2) арқылы жазуға болады, немесе белсенді металмен алмасу реакциясы арқылы жазуға болады. Екі реакцияда да кремний оксиді мен төзілген өнім кремнийдің моль сандары бірдей.

m (SiO2) = 90% × 294 / 100% = 264,6 г

264,6 г

 

 

 

Х г

 

 

SiO2

+

Mg

=

Si

+

2MgO

60 г

 

 

 

28 г

 

 

X (m Si теориялық) = 264,6 × 28 / 60 = 123,48 г

n = 100 г × 100% / 123,48 г = 81%

 

 

11. Массасы 10 кг натрий гидроксиді кремний оксидімен әрекеттескенде 11,2 кг натрий силикаты алынды. Натрий силикатының теориялық массамен салыстырғандағы шығымы:

A) 74

 

m (Na2SiO3 практикалық) = 11,2 кг

 

 

10 кг

 

X кг

 

 

SiO2

+

2NaOH

=

Na2SiO3

+

H2О

 

 

80 г

 

122 г

 

 

 

X (m Na2SiO3 теориялық)  = 15,25 г

n = 11,2 × 100% / 15,25 = 74%

 

12. Массасы 120 г темір (III) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді. Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы

A) 80%

120 г

 

 

 

X г

 

 

2Fe2О3

+

3C

=

4Fe

+

3CO2

2*160 г

 

 

 

4*56 г

 

 

Х = 84 г

Шығым = 67,2 / 84 * 100% = 80%

 

13. СО2, СО, СН4 қосылыстарындағы көміртектің валенттілігін көрсететін қатар:

A) 4, 2, 4

 

14. Fe2O3 + CO = Fe + CO2 6 моль тотықсыздандырғышпен әрекеттесетін тотықтырғыш массасы

D) 320 г

Х г

 

6 моль

 

 

 

 

Fe2О3

+

3CO

=

2Fe

+

3CO2

160 г

 

3 моль

 

 

 

 

Х = 320 г

 

15. 200 г мәрмәр тас ыдырағанда бөлінетін көмірқышқыл газының көлемі:

D) 44,8 л.

200 г

 

 

 

Х л

CaCO3

=

H2O

+

CO2

100 г

 

 

 

22.4 л

Х = 44.8 л

 

16. 240 г кремний (ІV) оксидін ерітуге қажет натрий гидроксидінің массасы ...

B) 320 г.

240 г

 

Х г

 

 

 

 

SiO2

+

2NaOH

=

Na2SiO3

+

H2O

60 г

 

80 г

 

 

 

 

Х = 320 г

 

17. Кремний атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласы:

B) 3s23p2

 

18. Кальций силикатының формуласы:

B) CaSiO3

 

19. 1 моль көміртектегі атом саны  

B) 6,02 ∙ 1023

 

20. Берілген реакцияның тепе-теңдігін оңға қарай ығыстыратын жағдай: CO + H2O = CO2 + H2 + Q

C) CO2 концентрациясын азайту.

 


Соңғы өзгеріс: Сенбі, 30 Қыркүйек 2023, 9:48