Тест сұрақтары (20 сұрақ)

(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)


01. VA топ элементтері

A) C

B) Si

C) Fe

D) Р

E) Cs

 

02. Фосфор қышқылының формуласы:

A) HNO3

B) H2SO4

C) H3PO4

D) H2SiO3

E) HCl

 

03. Күрделі тыңайтқышты көрсетіңіз:

A) N2

B) P

C) Ca(NO3)2

D) СаCO3

E) K


04. Фосфор атомы ядросының заряды:

A) +31.

B) +15.

C) +7.

D) –15.

E) +5.

 

05. 31Р изотопының ядросындағы нейтрон саны:

A) 15.

B) 14.

C) 13.

D) 31.

E) 16.

 

06. Химиялық реакцияларда фосфордың көрсететін қасиеті:

A) тек тотықсыздандырғыш.

B) тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш.

C) тек тотықтырғыш.

D) инертті зат.

E) тотықтырғыш және инертті.

 

07. Фосфор металдармен әрекеттескенде түзілетін зат:

A) ортофосфаттар.

B) дифосфаттар.

C) фосфидтер.

D) метафосфаттар.

E) гидрофосфаттар.


08. Фосфор тотықтырғыш болған химиялық теңдеу:

A) + 2 = 2О5.

B) + 2 = 2О3.

C) + 5КСlО3 = 5КСl + 2О5.

D) + 3Ва = Ва3Р2.

E) + l2 = 2РСl3.

 

09. Фосфордың ең төменгі тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыс:

A) H3PO4.

B) P2O5.

C) P2O3.

D) HPO3.

E) H3P.

 

10. Фосфордың ең жоғарғы тотығу дәрежесін көрсететін зат:

A) K3P.

B) H3PO4.

C) P2O3.

D) Ca3P2.

E) H3P.

 

11. Ортофосфат-ионның сапалық реактиві:

A) натрий ионы.

B) сутек ионы.

C) алюминий ионы.

D) күміс ионы.

E) калий ионы.

 

12. Аммоний гидрофосфаты түзілгенде, аммиак пен ортофосфор қышқылы арасындағы реакция теңдеуіндегі коэффициенттер қосындысы:

A) 5.

B) 4.

C) 3.

D) 6.

E) 2.

 

13. 3 моль натрий ортофосфор қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутек мөлшері:

A) 6 моль.

B) 3 моль.

C) 1 моль.

D) 1,5 моль.

E) 2 моль.

 

14. Байытылған Хибин апатитінде фосфор (V)оксидінің орташа массалық үлесі 40 %. Массасы 98 кг ортофосфор қышқылын алу үшін осындай апатиттің қажет массасы:

A) 170,5 кг.

B) 175,7 кг.

C) 180,7 кг.

D) 172,5 кг.

E) 177,5 кг.


15. Жай тыңайтқыштарға жатпайтын зат:

A) натрий нитраты.

B) аммоний сульфаты.

C) калий нитраты.

D) аммоний хлориді.

E) калий хлориді.

 

16. Комплексті тыңайтқыштарға жатпайтын зат:

A) калий гидроортофосфаты.

B) калий дигидроортофосфаты.

C) калий нитраты.

D) суперфосфат.

E) натрий фосфаты.

 

17. Құрамында 5 % қоспасы бар 10 кг калий селитрасындағы азоттың массасы:

A) 1,4 кг.

B) 1,3 кг.

C) 1,6 кг.

D) 1,2 кг.

E) 1,5 кг.

 

18. Аммиак селитрасындағы азоттың массалық үлесі:

A) 65 %.

B) 35 %.

C) 28 %.

D) 72 %.

E) 14 %.

 

19. Қоректік зат азоттың проценттік мөлшері көп болатын тыңайтқыш:

A) NH4Сl.

B) CO(NH2)2.

C) NH4NO3.

D) (NH4)2SO4.

E) (NH4)3PO4.

 

20. Метафосфор қышқылы

A) HPO3

B) H3PO4

C) Ca3(PO4)2

D) PH3

E) H3PO3


Жауабы


1. VA топ элементтері

D) Р

 

2. Фосфор қышқылының формуласы:

C) H3PO4

 

3. Күрделі тыңайтқышты көрсетіңіз:

C) Ca(NO3)2

 

4. Фосфор атомы ядросының заряды:

B) +15.

 

5. 31Р изотопының ядросындағы нейтрон саны:

E) 16.

Фосфор периодтық кестеде 15-ші элемент болып орналасқан, яғни 15 электроны және 15 протоны бар. Нейтрон саны = атомды масса - протон саны ; 31 - 15 = 16


6. Химиялық реакцияларда фосфордың көрсететін қасиеті:

B) тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш.

 

7. Фосфор металдармен әрекеттескенде түзілетін зат:

C) фосфидтер.

 

8. Фосфор тотықтырғыш болған химиялық теңдеу:

D) + 3Ва = Ва3Р2.

 

9. Фосфордың ең төменгі тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыс:

E) H3P.

 

10. Фосфордың ең жоғарғы тотығу дәрежесін көрсететін зат:

B) H3PO4.

 

11. Ортофосфат-ионның сапалық реактиві:

D) күміс ионы.

 

12. Аммоний гидрофосфаты түзілгенде, аммиак пен ортофосфор қышқылы арасындағы реакция теңдеуіндегі коэффициенттер қосындысы:

B) 4.

2NH3 + H3PO4 = (NH4)2HPO4

 

13. 3 моль натрий ортофосфор қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутек мөлшері:

D) 1,5 моль.

3 моль

 

 

 

 

 

Х моль

6Na

+

2H3PO4

=

2Na3PO4

+

3H2

6 моль

 

 

 

 

 

3 моль

X = 1,5 моль

 

14. Байытылған Хибин апатитінде фосфор (V) оксидінің орташа массалық үлесі 40 %. Массасы 98 кг ортофосфор қышқылын алу үшін осындай апатиттің қажет массасы:

E) 177,5 кг.

 

Х г

 

 

 

98 г

P2O5

+

3H2O

=

2H3PO4

142 г

 

 

 

2*98

X = 71 г

m(апатит) = 71 / 0,4 = 177,5 г

 

15. Жай тыңайтқыштарға жатпайтын зат:

C) калий нитраты.

 

16. Комплексті тыңайтқыштарға жатпайтын зат:

E) натрий фосфаты.

 

17. Құрамында 5 % қоспасы бар 10 кг калий селитрасындағы азоттың массасы:

B) 1,3 кг.

 

m (KNO3) = 10 * 0.95 = 9.5 кг

Mr (KNO3) = 101 г/моль

m (N) = 9.5 * 14 / 101 = 1.3 кг

 

18. Аммиак селитрасындағы азоттың массалық үлесі:

B) 35 %.

 

Mr (NH4NO3) = 80 г/моль

w (N) = 28 / 80 * 100% = 35%

 

19. Қоректік зат азоттың проценттік мөлшері көп болатын тыңайтқыш:

B) CO(NH2)2.

 

20. Метафосфор қышқылы

A) HPO3

 


Соңғы өзгеріс: Сенбі, 30 Қыркүйек 2023, 9:53