Тест сұрақтары (20 сұрақ)

(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)


01. Азоттың тотығу дәрежесі теріс болатын қосылыс:

A) N2O5

B) NO2

C) NH4Cl

D) HNO3

E) NaNO3


02. Кәдімгі жағдайда азотпен әрекеттесетін металл

A) литий

B) натрий

C) калий

D) сынап

E) күкірт

 

03. Құрамында 3-10% NH3 бар аммиак ерітіндісі:

A) мүсәтір спирті

B) аммиакты су

C) этиламин

D) аммоний сульфаты

E) йод суы


04. Аммиактың 18-25%-тық қоюлау ерітіндісі:

A) аммиакты су

B) мүсәтір спирті

C) этиламин

D) аммоний нитраты

E) алюмокалий ашудасы

 

05. ... күшті тотықтырғыш болып табылады және алтын мен платинадан басқа, сутектен кейін орналасқан барлық металдарды ерітеді:

A) HCl

B) HNO3

C) HBr

D) Ма

E) H2SO4

 

06. Кез-келген металдың азот қышқылымен тотығуының бірінші өнімі:

A) гидроксиді

B) оксиді

C) нитраты

D) сульфаты

E) сульфиді

 

07. Азот қышқылының тұздары:

A) сульфаттар

B) нитраттар

C) гидроксид

D) гидросульфид

E) cульфиттер


08. Концентрлі азот қышқылы ауыр металдармен әрекеттескенде түзілетін газ:

A) NO2

B) NO

C) SO2

D) SO3

E) HNO3

 

09. Сұйытылған азот қышқылы сілтілік жер металлдармен, сондай-ақ Zn және Fe-мен әрекеттескенде түзілетін өнім:

A) NO2

B) NO

C) SO2

D) SO3

E) NH3

 

10. Аммоний ионының құрамына кіретін азоттың тотығу дәрежесі:

A) -3

B) +3

C) -2

D) -5

E) +7

 

11. Сұйытылған азот қышқылы мен мыс өзара әрекеттескенде түзілетін затты көрсетіңіз:

A) N2O5.

B) NO.

C) NH4NO3.

D) N2O4.

E) N2O.

 

12. Сынап пен сұйытылған азот қышқылы әрекеттесуі реакциясындағы жалпы коэффициенттер саны:

A) 14.

B) 22.

C) 18.

D) 20.

E) 16.

 

13. 2NO + O2 2NO2 + Q реакциясында тепе-теңдікті оңға ығыстыратын жағдай

A) температураны арттыру және қысымды арттыру

B) температураны төмендету және концентрацияны төмендету

C) температураны арттыру және концентрацияны арттыру

D) температураны төмендету және қысымды арттыру

E) температураны көтеру және қысымды төмендету

 

14. 63 г 20%-тік азот қышқылымен әрекеттесетін 10%-тік натрий гидроксиді ерітіндісінің массасы

A) 80 г

B) 40 г

C) 8 г

D) 12 г

E) 4 г

 

15. 59,5 г кальций гидроксонитратын орта тұзға айналдыру үшін қажет азот қышқылының массасы:

A) 119 г.

B) 59,5 г.

C) 63 г.

D) 126 г.

E) 31,5 г.

 

16. Азот қосылысына тән емес валенттілік:

A) 3.

B) 6.

C) 1.

D) 4.

E) 2.

 

17. Азоттағы ең жоғарғы тотығу дәрежесі мына қосылыста:

A) HNO3.

B) NO.

C) NO2.

D) HNO2.

E) NH4OH.

 

18. Азоттың ауа бойынша тығыздығы:

A) 0,638.

B) 0,965.

C) 1,23.

D) 1,4.

E) 1,2.

 

19. NH3→NO→N2  тізбектегі азоттың тотығу дәрежесі:

A) жоғарылайды.

B) өзгермейді.

C) төмендейді.

D) алдымен жоғарылайды, содан кейін төмендейді.

E) алдымен төмендейді, содан кейін жоғарылайды.


20. Егер газдың 10 %-і шығын болса, 111 г кальций гидрооксиді және 107 г аммоний хлориді әрекеттескенде, бөлінетін аммиактің көлемі:

A) 4,48 л.

B) 40,32 л.

C) 0,448 л.

D) 44,8 л.

E) 4,32 л.


Жауабы


1. Азоттың тотығу дәрежесі теріс болатын қосылыс:

C) NH4Cl

 

2. Кәдімгі жағдайда азотпен әрекеттесетін металл

A) литий

 

3. Құрамында 3-10% NH3 бар аммиак ерітіндісі:

A) мүсәтір спирті

 

4. Аммиактың 18-25%-тық қоюлау ерітіндісі:

A) аммиакты су

 

5. ... күшті тотықтырғыш болып табылады және алтын мен платинадан басқа, сутектен кейін орналасқан барлық металдарды ерітеді:

B) HNO3

 

6. Кез-келген металдың азот қышқылымен тотығуының бірінші өнімі:

B) оксиді

 

7. Азот қышқылының тұздары:

B) нитраттар

 

8. Концентрлі азот қышқылы ауыр металдармен әрекеттескенде түзілетін газ:

A) NO2

 

9. Сұйытылған азот қышқылы сілтілік жер металлдармен, сондай-ақ Zn және Fe-мен әрекеттескенде түзілетін өнім:

E) NH3

 

10. Аммоний ионының құрамына кіретін азоттың тотығу дәрежесі:

A) -3

 

11. Сұйытылған азот қышқылы мен мыс өзара әрекеттескенде түзілетін затты көрсетіңіз:

B) NO.

2HNO3 сұйыл. + Cu = CuNO3 + H2O + NO↑

 

12. Сынап пен сұйытылған азот қышқылы әрекеттесуі реакциясындағы жалпы коэффициенттер саны:

D) 20.

8HNO3 сұйыл. + 3Hg = 3HgNO3 + 4H2O + 2NO↑

 

13. 2NO + O2 2NO2 + Q реакциясында тепе-теңдікті оңға ығыстыратын жағдай

D) температураны төмендету және қысымды арттыру

 

14. 63 г 20%-тік азот қышқылымен әрекеттесетін 10%-тік натрий гидроксиді ерітіндісінің массасы

A) 80 г

m (HNO3) = 63 * 0.2 = 12.6

Х г

 

12.6 г

 

 

 

 

NaOH

+

HNO3

=

NaNO3

+

H2O

40 г

 

63 г

 

 

 

 

Х = 8 г

m (ерітінді) = 8 / 0.1 = 80 г

 

15. 59,5 г кальций гидроксонитратын орта тұзға айналдыру үшін қажет азот қышқылының массасы:

E) 31,5 г.

59.5 г

 

X г

 

 

 

 

CaOHNO3

+

HNO3

=

Ca(NO3)2

+

H2O

119 г

 

63 г

 

 

 

 

Х = 31.5 г

 

16. Азот қосылысына тән емес валенттілік:

B) 6.

 

17. Азоттағы ең жоғарғы тотығу дәрежесі мына қосылыста:

A) HNO3.

 

18. Азоттың ауа бойынша тығыздығы:

B) 0,965.

D = Mr(N2) / Mr(ауа) = 28 / 29 = 0.965

 

19. NH3→NO→N2  тізбектегі азоттың тотығу дәрежесі:

D) алдымен жоғарылайды, содан кейін төмендейді.

 

20. Егер газдың 10 %-і шығын болса, 111 г кальций гидрооксиді және 107 г аммоний хлориді әрекеттескенде, бөлінетін аммиактің көлемі:

B) 40,32 л.

 

v (Ca(OH)2) = 111 / 74 = 1.5 моль

v (NH4Cl) = 107 / 53.5 = 2 моль (пропорция үшін қолданамыз)

 

 

2 моль

 

 

 

 

 

Х л

Ca(OH)2

+

2NH4Cl

=

CaCl2

+

2H2O

+

2NH4

 

 

2 моль

 

 

 

 

 

44.8 л

Х = 44.8 л

Vпрактикалық = 44.8 л * 0.9 = 40.32 л


Соңғы өзгеріс: Сенбі, 30 Қыркүйек 2023, 9:56