Тест сұрақтары (20 сұрақ)
(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)
01. H2S → H2SO3 → H2SO4 қатарында қышқылдардың күші
A) әуелі кемиді, соңынан артады
B) артады
C) өзгермейді
D) әуелі артады, соңынан кемиді
E) кемиді
02. Ерітіндісі қышқылдық орта түзетін зат
A) Na2S
B) K2SO3
C) CuSO4
D) Lі2S
E) BaSO4
03. Өзгерістер сызба-нұсқасына S-2 → S° → S+4 → S+6 → S-2 сәйкес келетін тізбек
A) FeS → SO2 → SO3 → S → H2S
B) Na2S → S → SO3 → SO2 → S
C) FeS2 → S → SO3 → SO2 → H2S
D) H2S → S → SO2 → H2 → SO3
E) H2S → S → SO2 → SO3 → H2S
04. Күкірт қышқылының тұздары:
A) нитраттар
B) сульфаттар
C) сульфидтер
D) гидроксидтер
E) катиондар
05. Массасы 6,4 кг күкірт жанғанда түзілетін күкірт (lV) оксиді көлемі:
A) 4,48 л
B) 44,8 л
C) 3,36 л
D) 22,4 л
E) 9,56 л
06. Зат мөлшері 3 моль ас содасын күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін газ массасын табыңдар:
A) 345 г
B) 234 г
C) 132 г
D) 165 г
E) 150 г
07. 5,2 барий хлориді бар ерітіндіге 4,9 г күкірт қышқылын құйғанда түзілген тұнбаны сүзіп кептіргендегі құрғақ қалдық массасы:
A) 7,8 г
B) 5,8 г
C) 9,9 г
D) 6,0 г
E) 2,2 г
08. 3 кг суға 70%-тік күкірт қышқылының 9 кг-ы қосылды. Пайда болған ерітінді концентрациясы (%):
A) 90
B) 86,7
C) 45
D) 52,5
E) 87,7
09. 35,2 г темір (ll) сульфидінің күкірт қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде түзілген күкіртсутек көлемі:
A) 8,96
B) 2,24
C) 3,45
D) 9,08
E) 2,56
10. Күкірт атомындағы жалпы s-электрондар санын көрсетіңіз.
A) 8.
B) 10.
C) 18.
D) 6.
E) 16.
11. Азот пен күкірт орналасқан топтардың нөмірі:
A) V және VIII
B) V және III
C) V және VII
D) V және IV
E) V және VI
12. Күкірттің генетикалық қатары
A) SO2 → S → SO3 → H2SO4
B) H2SO4 → SO3 → S → SO2
C) S → SO2 → SO3 → H2SO4
D) SO3 → S → SO2 → H2SO4
E) H2SO4 → SO2 → SO3 → S
13. Мына өзгерістер схемасына Э → ЭO3 → H2ЭO4 сәйкес келетін генетикалық қатар:
A) Азот → азот (ІV) оксиді → азот қышқылы.
B) Күкірт → күкірт (VІ) оксиді → күкірт қышқылы.
C) Көміртек → көміртек (ІV) оксиді → көмір қышқылы.
D) Күкірт → күкірт (ІV) оксиді → күкіртті қышқыл.
E) Көміртек → көміртек (ІІ) оксиді → көмір қышқылы.
14. Күкірт қышқылының 18%-тік 300 г ерітіндісіне 300 мл су қосылды. Алынған ерітіндідегі Н2SO4-тің массалық үлесі
A) 9%
B) 7%
C) 6%
D) 8%
E) 5%
15. 20 г 4,9 %-ті күкірт қышқылы ерітіндісін бейтараптауға 10%-ті натрий гидроксиді ерітіндісінің қажет массасы:
A) 19,6 г.
B) 10,0 г.
C) 20,0 г.
D) 8,0 г.
E) 9,8 г.
16. 1г күкіртті жаққан кезде 9,3 кДж жылу бөлінді, реакцияның термохимиялық теңдеуі
A) S + О2 = SO2 + 292,6 кДж
B) S + О2 = SO2 + 280,6 кДж
C) S + О2 = SO2 + 290,6 кДж
D) S + О2 = SO2 + 297,6 кДж
E) S + О2 = SO2 + 291,6 кДж
17. 4 моль күкірт қышқылының массасы:
A) 392 г.
B) 441 г.
C) 196 г.
D) 98 г.
E) 490 г.
18. Күкірт (IV) оксиді әрекеттесетін зат:
A) қышқылдар
B) натрий сульфаты
C) сілтілер
D) күкірт (VI) оксиді
E) қышқылдық оксидтер
19. Күкірттің диоксиді сумен әрекеттескенде түзілетін зат:
A) күкірт.
B) күкірттің триоксиді.
C) күкіртсутек қышқылы.
D) күкірт қышқылы.
E) күкіртті қышқыл.
20. 2H2S(г) + 3О2(г) = 2SO2(г) + 2H2O + 1166 кДж теңдеуі бойынша 11,2 литр (қ.ж.) күкіртсутек жанғанда бөлінетін жылу мөлшері
A) 583,5 кДж
B) 125,5 кДж
C) 1160,5 кДж
D) 874,5 кДж
E) 291,5 кДж
Жауабы
1. Қайнаған күкіртті жылдам суыту құбылысы нәтижесінде…
A) күкірт түсі деп аталатын ұнтақ
2. Тек сынаппен ғана күкірт жанасу кезінде әрекеттеседі. Бұл лабораториялық практикада төгілген буы улы сынапты байланыстыру кезінде қолданылады. Бұл процесс…
D) демеркуризация
3. Каучукке көп мөлшерде күкірт қосу арқылы алынатын өнім:
A) эбонит
4. Күкірт қышқылының тұздары:
B) сульфаттар
5. Массасы 6,4 г күкірт жанғанда түзілетін күкірт (lV) оксиді көлемі:
A) 4,48 л
6,4 г |
|
|
|
X л |
S |
+ |
O2 |
= |
SO2 |
32 г |
|
|
|
22,4 л |
X = 4,48 л
6. Зат мөлшері 3 моль ас содасын күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін газ массасын табыңдар:
C) 132 г
3 моль |
|
|
|
|
|
|
|
Х моль |
2NaHCO3 |
+ |
H2SO4 |
= |
Na2SO4 |
+ |
2H2O |
+ |
2CO2 |
2 моль |
|
|
|
|
|
|
|
2 моль |
Х = 3 моль
m = 3 x 44 = 132 г
7. 5,2 барий хлориді бар ерітіндіге 4,9 г күкірт қышқылын құйғанда түзілген тұнбаны сүзіп кептіргендегі құрғақ қалдық массасы:
B) 5,8 г
5,2 г |
|
4,9 г |
|
X г |
|
|
BaCl2 |
+ |
H2SO4 |
= |
BaSO4 |
+ |
2HCl |
208 г |
|
98 г |
|
233 г |
|
|
Бұл есепте екі реагенттің де массасы берілген. Х-ті табу үшін пропорцияда тек бір ғана реагентті қолдануымыз керек, сондықтан екі реагенттің моль сандарын табамыз. Моль саны аз болатын реагентті қолданамыз
v(BaCl2) = 0,025 моль
v(H2SO4) = 0,05 моль
X = 233 г x 0.025 моль = 5,8 г
8. 3 кг суға 70%-тік күкірт қышқылының 9 кг-ы қосылды. Пайда болған ерітінді концентрациясы (%):
D) 52,5
9 кг × 70% / 100% = 6,3 кг
9 кг + 3 кг = 12 кг ерітінді
6,3 кг х 100% / 12 кг = 52,5%
9. 35,2 г темір (ll) сульфидінің күкірт қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде түзілген күкіртсутек көлемі:
A) 8,96
35,2 г |
|
|
|
|
|
x л |
FeS |
+ |
H2SO4 |
= |
FeSO4 |
+ |
H2S |
88 г |
|
|
|
|
|
22,4 л |
Х л = 8,96
10. Күкірт атомындағы жалпы s-электрондар санын көрсетіңіз.
D) 6.
11. Азот пен күкірт орналасқан топтардың нөмірі:
E) V және VI
12. Күкірттің генетикалық қатары
C) S → SO2 → SO3 → H2SO4
13. Мына өзгерістер схемасына Э → ЭO3 → H2ЭO4 сәйкес келетін генетикалық қатар:
B) Күкірт → күкірт (VІ) оксиді → күкірт қышқылы.
14. Күкірт қышқылының 18%-тік 300 г ерітіндісіне 300 мл су қосылды. Алынған ерітіндідегі Н2SO4-тің массалық үлесі
A) 9%
300 мл су = 300 г су, себебі су тығыздығы 1 г/мл
w1m1 + w2m2 = w3m3
w1 = 18%; w2 = 0%; w1 = X%
w1 = 0.18; w2 = 0; w1 = X
m1 = 300 г; m2 = 300 г; m1 = 300 + 300 = 600 г
Х = (0.18 * 300 + 0 * 300) / 600 = 0.09 = 9%
15. 20 г 4,9 %-ті күкірт қышқылы ерітіндісін бейтараптауға 10%-ті натрий гидроксиді ерітіндісінің қажет массасы:
D) 8,0 г
m (H2SO4) = 20 * 0.049 = 0.98
Х г |
|
0.98 г |
|
|
|
|
2NaOH |
+ |
H2SO4 |
= |
Na2SO4 |
+ |
2H2O |
80 г |
|
98 г |
|
|
|
|
Х = 0.8 г
m (ерітінді) = 0.8 / 0.1 = 8 г
16. 1г күкіртті жаққан кезде 9,3 кДж жылу бөлінді, реакцияның термохимиялық теңдеуі
D) S + О2 = SO2 + 297,6 кДж
1 г |
|
|
|
|
|
9.3 кДж |
S |
+ |
O2 |
= |
SO2 |
+ |
Q |
32 г |
|
|
|
|
|
X кДж |
Х = 297.6 кДж
17. 4 моль күкірт қышқылының массасы:
A) 392 г.
18. Күкірт (IV) оксиді әрекеттесетін зат:
C) сілтілер
19. Күкірттің диоксиді сумен әрекеттескенде түзілетін зат:
E) күкіртті қышқыл.
20. 2H2S(г) + 3О2(г) = 2SO2(г) + 2H2O + 1166 кДж теңдеуі бойынша 11,2 литр (қ.ж.) күкіртсутек жанғанда бөлінетін жылу мөлшері
E) 291,5 кДж
11.2 л |
|
|
|
|
|
|
|
X кДж |
2H2S |
+ |
3O2 |
= |
2SO2 |
+ |
2H2O |
+ |
Q |
44.8 л |
|
|
|
|
|
|
|
1166 кДж |
Х = 291.5 кДж