Тест сұрақтары (20 сұрақ)

(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)


01. ZnO + CO2 = ZnCO3 реакция нәтижесінде түзілген өнім атауы:

A) ацетилен

B) марганец

C) мырыш карбонаты

D) натрий хлориді

E) карбоксид

 

02. Мырыш әрекеттеспейді:

A) хлор

B) оттек

C) күкірт

D) хлорсутек

E) азот


03. Cr(OH)3 сілтілерде ерігенде түзіледі:

A) метахромит

B) ортохромит

C) хромит

D) гидроксохромит

E) дихромат

 

04. Хромат ионының түсі

A) сары

B) қызыл сары

C) көк

Д) ақ

E) қызғылт

 

05. Дихромат ионының түсі

A) сары

B) қызыл сары

C) көк

D) ақ

E) қызғылт

 

06. Хромның никельмен құймасы

A) нихром

B) нейзильбер

C) силумин

D) дюралюмин

E) амальгама

 

07. Массасы 13,5 г мыс (ll) хлориді бар ерітіндіге 12 г темір ұнтағын салғанда мыстың массасы (г)

A) 6,4

B) 3,2

C) 8,5

D) 4,3

E) 7,5

 

08. Құрамы 130 г мырышпен әрекеттесетін мыс сульфаты массасы

A) 380

B) 250

C) 160

D) 280

E) 320


09. Электротехникада қыздыру лампаларын жасау үшін қандай металдан жасалған сым пайдаланылады?

A) Al

B) Cu

C) Mo

D) W

E) Fe

 

10. 49%- дық 200 грамм күкірт қышқылын мырышпен әрекеттескендіргенде, қалыпты жағдайда түзілген сутегінің көлемі қандай?

A) 2,24 л

B) 4,48 л

C) 22,4 л

D) 44,8 л

E) 444,8 л

 

11. Мыс (ІІ) хлоридін электролиздегенде катодта 12,7 г мыс бөлінді. Қалыпты жағдайда анодта бөлінген газдың көлемі қандай?

A) 2,24 л

B) 4,445 л

C) 6,72 л

D) 8,96 л

E) 18,96 л

 

12. Концентрленген HNO3-пен қандай металл әрекеттеспейді?

A) Cu;

B) Ag;

C) Cr;

D) Zn;

E) Na

 

13. Сумен қандай металл реакцияға түспейді?

A) Сa;

B) Ni;

C) Na;

D) Ba;

E) Li;

 

14. 29,4 г фосфор қышқылы мен 68 г мырыш хлориді әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы (г)

A) 31,8

B) 45,2

C) 41,5

D) 35,2

E) 57,9

 

15. Мыс хлориді CuCl2 гидролизге ұшырағанда түзілетін орта:

A) Әлсіз сілтілік орта.

B) Қышқылдық.

C) Бейтарап.

D) Күшті сілтілік орта.

E) Сілтілік.

 

16. Суда ерігенде хромат-ион түзетін  заттың  атауы

A) литий  хроматы

B) барий  хроматы

C) мырыш    хроматы

D) күміс  хроматы

E) магний    хроматы

 

17. Мырыш пен мыстың 10 г қоспасы тұз қышқылынан 2,24 л газды ығыстырады. Қоспадағы мыстың массалық үлесі (%)

A) 40

B) 64

C) 65

D) 50

E) 35


18. 6,4 г мыс концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газдың (қ.ж.) көлемі

A) 44,8 л

B) 2,24 л

C) 4,48 л

D) 67,2 л

E) 22,4 л


19. 6,02×1022 мырыш атомы күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген сутектің массасы:

A) 6,5 г.

B) 0,2 г.

C) 10 г.

D) 20 г.

E) 0,5 г.

 

20. Иондық байланысы бар қосылыс:

A) күкірт қышқылы.

B) азотты қышқыл.

C) мырыш оксиді.

D) азот.

E) сутегі асқын тотығы.


Жауабы

 

1. ZnO + CO2 = ZnCO3 реакция нәтижесінде түзілген өнім атауы:

C) мырыш карбонаты

 

2. Мырыш әрекеттеспейді:

E) азот

 

3. Cr(OH)3 сілтілерде ерігенде түзіледі:

D) гидроксохромит

 

4. Хромат ионының түсі

A) сары

 

5. Дихромат ионының түсі

B) қызыл сары

 

6. Хромның никельмен құймасы

A) нихром

 

7. Массасы 13,5 г мыс (ll) хлориді бар ерітіндіге 12 г темір ұнтағын салғанда мыстың массасы (г)

A) 6,4

13,5 г

 

12 г

 

 

 

X г

CuCl2

+

Fe

=

FeCl2

+

Cu

135 г

 

56 г

 

 

 

64 г

v (CuCl2) = 0,1 моль

v (Fe) = 0,2 моль

X = 64 х 0,1 моль = 6,4 г

 

8. Құрамы 130 г мырышпен әрекеттесетін мыс сульфаты массасы

E) 320

130 г

 

X г

 

 

 

 

Zn

+

CuSO4

=

ZnSO4

+

Cu

65 г

 

160 г

 

 

 

 

X = 320 г

 

9. Электротехникада қыздыру лампаларын жасау үшін қандай металдан жасалған сым пайдаланылады?

D) W

 

10. 49%- дық 200 грамм күкірт қышқылын мырышпен әрекеттескендіргенде, қалыпты жағдайда түзілген сутегінің көлемі қандай?

C) 22,4 л

m (H2SO4) = 200 x 49% / 100% = 98 г

 

 

98 г

 

 

 

X л

Zn

+

H2SO4

=

ZnSO4

+

H2

 

 

98 г

 

 

 

22,4 л

Х = 22,4 л

 

11. Мыс (ІІ) хлоридін электролиздегенде катодта 12,7 г мыс бөлінді. Қалыпты жағдайда анодта бөлінген газдың көлемі қандай?

B) 4,445 л

 

 

12,7 г

 

Х л

CuCl2

=

Cu

+

Cl2

 

 

64 г

 

22,4 л

Х = 4,445 г

 

12. Концентрленген HNO3-пен қандай металл әрекеттеспейді?

C) Cr;

 

13. Сумен қандай металл реакцияға түспейді?

B) Ni;

 

14. 29,4 г фосфор қышқылы мен 68 г мырыш хлориді әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы (г)

E) 57,9

 

m (H3PO4) = 29.4 / 99 = 0.3 моль (пропорция үшін қолданамыз)

m (ZnCl2) = 68 / 136 = 0.5 моль

0.3 моль

 

 

 

Х г

 

 

2H3PO4

+

3ZnCl2

=

Zn3(PO4)2

+

6HCl

2 моль

 

 

 

386 г

 

 

Х = 57.9 г

 

15. Мыс хлориді CuCl2 гидролизге ұшырағанда түзілетін орта:

B) Қышқылдық.

 

16. Суда ерігенде хромат-ион түзетін заттың атауы

A) литий  хроматы

 

17. Мырыш пен мыстың 10 г қоспасы тұз қышқылынан 2,24 л газды ығыстырады. Қоспадағы мыстың массалық үлесі (%)

E) 35

 

Х г

 

 

 

 

 

2.24 л

Zn

+

2HCl

=

ZnCl2

+

H2

65 г

 

 

 

 

 

22.4 л

Х = 6.5 г

w (Zn) = 6.5 / 10 * 100 = 65%

w (Cu) = 100 - 65 = 35%

 

18. 6,4 г мыс концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газдың (қ.ж.) көлемі

B) 2,24 л

 

6.4 г

 

 

 

 

 

X л

 

 

Cu

+

2H2SO4

=

CuSO4

+

SO2

+

2H2O

64 г

 

 

 

 

 

22.4 л

 

 

Х = 2.24 л

 

19. 6,02×1022 мырыш атомы күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген сутектің массасы:

B) 0,2 г.

v (Zn) = 6,02×1022 / 6,02×1023 = 0.1 моль

0.1 моль

 

 

 

 

 

X л

Zn

+

H2SO4

=

ZnSO4

+

H2

1 моль

 

 

 

 

 

2 г

Х = 0.2 г

 

20. Иондық байланысы бар қосылыс:

C) мырыш оксиді.

 


Соңғы өзгеріс: Сенбі, 30 Қыркүйек 2023, 10:16