Тест сұрақтары (4 сұрақ)

(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)


1. 2,8 л СО және СО2 қоспасы 0,56 г оттегімен әрекеттескен. Бастапқы қоспадағы СО көлемдік үлесі?

A) 0,28

B) 2,8

C) 280

D) 29

E) 0,29

 

2. 6,5 грамм магний оксиді мен магний бромиді қоспасын тұз қышқылымен өңдеу арқылы 5 г магний хлориді алынды.  Қоспаның құрамын анықтаңыз.

A) MgO – 0,8 г, MgBr2 – 5,7 г

B) MgO – 0,9 г, MgBr2 – 5,6 г

C) MgO 9 г, MgBr2 – 5 г

D) MgO 8 г, MgBr2 – 5г

E) MgO – 0,7 г, MgBr2 – 5,6 г


3. Құрамында тұз және азот қышқылдары бар қоспасы бар. Егер 7 г қышқылдар қоспасын бейтараптандыру кезінде 47,25 г 20%-тік КОН ерітіндісі жұмсалса, қышқылдардың әрқайсысының массасын анықтаңыз (г).

A) 3.67 г HCl, 3.33 г HNO3

B) 2.67 г HCl, 4.33 г HNO3

C) 4.67 г HCl, 2.33 г HNO3

D) 1.67 г HCl, 5.33 г HNO3

E) 4.1 г HCl, 2.9 г HNO3

                     

4. Машина бөлшектерін жасауда қаттылығына байланысты мыс пен мырыштан тұратын жез құймасы қолданылады. 7 г жез құймасын тұз қышқылымен өңдегенде 0,896 л (қ.ж.) сутек алынды.  Құймадағы мыстың массасы:

A) 3,8 г

B) 4,4 г

C) 3,2 г

D) 2,6 г

E) 3,5 г



Жауабы


1. Реакция жазамыз. СО оттекпен әрекеттеседі, ал СO2 әрекеттеспейді. Яғни бұл есепте параллель реакциялар жоқ, тек бір реакция бар.

 

Х л

 

0.56 г

 

 

2СО

+

О2

=

2СО2

44.8 л

 

32 г

 

 

 

V О) = 0.784 л

ф = 0.784 / 2.8 = 0.28



2. Бұл есепте екі зат тұз қышқылымен әрекеттеседі, сондықтан екі параллель реакция жүреді. Бізге төрт заттың массасы белгісіз. Оларды төменде көрсетілгендей белгілейміз.

 

x г

 

 

 

y г

 

 

MgO

+

2HCl

MgCl2

+

H2O

40 г

 

 

 

95 г

 

 

 

95x = 40y; y = 2,375x

 

(6.5 - x) г

 

 

 

(5 - y) г

 

 

MgBr2

+

2HCl

MgCl2

+

2HBr2

184 г

 

 

 

95 г

 

 

 

95(6.5 - x) = 184(5 - y)

617.5 - 95x = 920 - 184 ∙ 2.375x

342x = 302.5

x = 0.9 г MgO

y = 2,375x = 2.1 г

6.5 - x = 5.6 г MgBr2


3. Бұл есепте екі зат тұз қышқылымен әрекеттеседі, сондықтан екі параллель реакция жүреді. Ерітінді құрамындағы таза КОН массасын анықтау керек.

m (KOH) = 47,25 ∙ 0.2 = 9.45 г

 

х г

 

у г

 

 

 

 

HCl

+

KOH

=

KCl

+

H2O

35,5 г

 

56 г

 

 

 

 

 

56x = 35.5y; y = 1.58x

 

(7 - x) г

 

(9.45 - y) г

 

 

 

 

HNO3

+

KOH

=

KNO3

+

H2O

63 г

 

56 г

 

 

 

 

 

56(7 - x) = 63(9.45 -y)

392 - 56x = 595.35 - 63 ∙ 1.58x

43.54x = 203.35

x = 4.67 г HCl

7 - x = 7 - 4.67 = 2.33 г HNO3

 

4. Zn тұз қышқылымен әрекеттеседі, ал Cu әрекеттеспейді. Яғни бұл есепте параллель реакциялар жоқ, тек бір реакция бар.

x г

 

 

 

 

 

0,896 л

Zn

+

2HCl

=

ZnCl2

+

H2

64 г

 

 

 

 

 

22,4 л

 

x = 2,56 г Zn

m (Zn + Cu) = 7 г

m (Cu) = 7 – 2,56 = 4,44 г

Соңғы өзгеріс: Дүйсенбі, 2 Қазан 2023, 1:31