Конспект
Осы конспектіде видео сабақта айтылмаған кейбір терминдерді қарастырамыз
Нуклид – ядро заряды мен массалық саны бірдей болатын атомдар жиынтығы.
Нуклон – протондар мен нейтрондар қосындысы. Кейде массалық сан деп аталады. Нуклон = протон + нейтрон
Атомдық масса – элементтің барлық изотоптарының математикалық орташа массасы. Бүтін сан емес, жуықталған сан
Массалық сан – нақты изотоптың массасы. Қашанда бүтін сан.
Термин | Анықтамасы |
Изотоп | Протон сандары тең, нейтрон сандары әртүрлі атомдар |
Изобара | Атомдық массалары бірдей атомдар (протон және нейтрон сандары бірдей емес) |
Изотон | Протон сандары әртүрлі, нейтрон сандары бірдей |