Конспект (есеп)
ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ МЫСАЛДАРЫ
Гомогенді реакция жылдамдығы
Есеп 1.
Егер А затының бастапқы концентрациясы 1 моль/л -ге тең болса, 4 секундтан кейін бұл заттың концентрациясы 0,6 моль/л-ға тең болғандағы А + В = АВ химиялық реакциясының жылдамдығын анықтаңдар.
Шешуі:
Есепте екі концентрация берілгендіктен, формулаға сәйкесінше қоямыз. Бірақ есепте тек бір уақыт берілген, және ол соңғы уақытқа сәйкес келеді. Бастапқы уақыт берілмегеніктен, оны 0-ге тең деп аламыз:
c1 (бастапқы) = 0,6 моль/л
c2 (соңғы) = 1 моль/л
t1 (бастапқы) = 0 секунд
t2 (соңғы) = 4 секунд
Есеп 2.
Реакция басталғаннан кейін 80 секунд өткенде судың молярлық концентрациясы 0,24 моль/л, ал 2 мин 07 секундтан 0,28 моль/л болған кездегі CO2 + H2 = CO + H2O реакциясының жылдамдығын есептеңдер.
Шешуі:
Бұл жерде реакция CO2 + H2 = CO + H2O көрсетілгенімен, біздің есептеу тек суға қатысты болады, себебі тек судың концентрациясы берілген. Дегенмен, уақыттың өлшем бірлігі бірдей болуы үшін минутты секундқа айналдырамыз:
c1 (бастапқы) = 0,24 моль/л
c2 (соңғы) = 0,28 моль/л
t1 (бастапқы) = 80 секунд
t2 (соңғы) = 2 мин 07 секунд = 127 секунд
Өте оңай, берілген сандарды қарапайым формулаға қоямыз
ӨЗ БЕТІНШЕ ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР:
1. N2(г) + O2(г) = 2NO(г) реакциясының кинетикалық теңдеуін жаз.
Шешуі. Химиялық
реакциялардың кинетикалық теңдеуі әрекеттесуші заттардың концентрациясына
жылдамдығының тәуелділігін көрсетеді: v = k ∙ CN2 ∙ CO2
2. Мына реакцияның кинетикалық теңдеуін жаз: 2CO(г) + O2(г) = 2CO2(г)
Шешуі. Химиялық
реакциялардың кинетикалық теңдеуі әрекеттесуші заттардың концентрациясына
жылдамдығының тәуелділігін көрсетеді: v = k ∙ CCO2 ∙ CO2
3. А + В = АВ химиялық реакция теңдеуі. Егер А затының бастапқы концентрациясы с = 1 моль/л, 4 секундтан кейін c = 0.6 моль/л болса, реакция жылдамдығы