Курс туралы мәлімет

Бұл онлайн курс өз берінше оқылады. Барлық қажетті оқу материалдарын алдын-ала дайындап, осы сайтқа салып қойдық. Оқу материалдары жоғары сапада дайындалған. 100% нәтижеге жету үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:

  1. Химия сабағына арнайы дәптер арнау
  2. Видео сабақтарды мұқият толық көру, көріп отырып конспект жазу  
  3. Кітап PDF ашып, конспект жазу
  4. Тест сұрақтары мен тапсырмаларды орындау
  5. Әрбір сабақты толықтай оқуға кем дегенде екі сағат арнау керек

Бұл курсты бастамас бұрын, біздің тегін "Химияға кіріспе" курсындағы 4 сабақты көріп шығуға кеңес береміз. Мұндағы сабақтар сол курстың жалғасы. Бұл курста 15 сабақ бар. 

Бұл курс өз бетінше оқылатындықтан, курстың нәтижесі тікелей сізге байланысты. Біз өз кезегімізде барлық оқу материалдарын дайындап қойдық. Ал сіз өз кезегіңізде сол материалдарды толықтай қолданып, жұмыс жасау керексіз. Сабақтарды аттап кетпеңіз, түсініксіз болса видео сабақтарды бірнеше рет көріңіз. Міндетті түрде конспект жазыңыз.

Сізге сәттілік тілейміз! Химияны бірге жеңеміз! Күлкі