Тест сұрақтары (25 сұрақ)
(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)
01. Электролитке жататын затты көрсетіңіз:
A) HBr (ерітінді)
B) Н2 (газ)
C) С12Н22О11 (ерітінді)
D) КОН (қатты)
E) СО2 (газ)
02. Реакция теңдеуіндегі электролит емес заттардың алдындағы коэффициенттер қосындысы: 2Al + 3H2SO4 (ерітінді) → Al2(SO4)3 (ерітінді) + 3H2↑
A) 2
B) 5
C) 6
D) 3
E) 4
03. Натрий сульфаты мен барий хлоридінің ерітінділерінің арасындағы толық және қысқартылған иондық теңдеудің барлық коэффициенттер қосындысы тең:
A) 11 және 3
B) 9 және 5
C) 9 және 3
D) 11 және 5
E) 7 және 3
04. Mg2+ + 2OH- = Mg(OH)2↓ қысқартылған иондық теңдеуі мына заттардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі:
A) магний тұзының ерітіндісі суда ерімейтін негізбен
B) магний оксиді сілтімен
C) суда ерімейтін магний тұзы суда ерімейтін негізбен
D) суда ерімейтін магний тұзымен сілтімен әрекеттесуінен
E) магний тұзының ерітіндісі сілтімен әрекеттескенде
05. Са2+ + SO42- = CaSO4↓ қысқартылған иондық теңдеуі мына заттардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі:
A) CaCl2 және Na2SO4
B) CaO және К2SO4
C) Ca және Na2SO4
D) CaCO3 және PbSO4
E) CaCl2 және BaSO4
06. Диссоциация кезінде катион ретінде сутек пен металл иондары түзілетін заттардың аты:
A) негізгі тұздар
B) сілтілер
C) қышқылдар
D) орта тұздар
E) қышқыл тұзда
07. Ерітіндіде бір мезгілде бола алатын иондарды көрсетіңіз:
A) Н+ және ОН-
B) Ag+ және Cl-
C) Ba2+ және SO42-
D) Ca2+ және CO32-
E) Ba2+ және 2NО3-
08. Диссоциация кезінде хлорид-ион түзетін зат:
A) KClO3
B) KCl
C) KClO
D) HClO
E) HClO4
09. Судағы ерітіндісінде бір-бірімен әрекеттесе алмайтын заттар:
A) мыс (ІІ) хлориді + калий гидроксиді →
B) мыс (ІІ) хлориді + натрий сульфиді →
C) калий хлориді + натрий нитраты →
D) калий хлориді + күміс нитраты →
E) күкірт қышқылы + барий хлориді →
10. Калий карбонаты мен кальций хлоридінің судағы ерітінділерін бір-бірімен араластырғанда тұнба түзетін иондар жұбы:
A) Ca2+ және CO32-
B) К+ және Ca2+
C) Ca2+ және SO32-
D) CO32- және Cl-
E) К+ және Cl-
11. Судағы ерітіндісінде соңына дейін жүрмейтін реакция:
A) Al(OH)3 + H2SO4 →
B) KHCO3 + Ca(OH)2 →
C) KCl + NaNO3 →
D) Na2CO3 + HCl →
E) KCl + AgNO3 →
12. Электролиттік диссоциация дегеніміз:
A) иондар және атомдар түзілу процесі
B) заттардың суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі
C) электролиттердің жеке атомдарға ыдырау процесі
D) иондардың қосылып молекула түзу процесі
E) заттардың өз бетімен жеке молекулаларға ыдырауы
13. Диссоциациясы сатылап жүретін зат:
A) HNO3
B) LiCl
C) NaHCO3
D) NaCl
E) KOH
14. Диссоциация кезінде сутектің катионын (Н+) және қышқыл қалдығы анионын түзетін заттар:
A) қышқылдар
B) оксидтер
C) негіздер
D) негіздік оксидтер
E) тұздар
15. Соңына дейін жүретін ион алмасу реакциясын көрсетіңіз
A) NaNO3 + KCl → NaCl + KNO3
B) NaOH + HCl → NaCl + H2O
C) LiNO3 + KCl → LiCl +KNO3
D) CaO + H2O → Ca(OH)2
E) Na2CO3 + 2KOH → K2CO3 + 2NaOH
16. 3 моль темір (ІІІ) сульфаты диссоциацияланғанда түзілетін сульфат-аниондардың мөлшері
A) 36
B) 9
C) 3
D) 12
E) 6
17. Хлорид-ионға реактив болатын зат:
A) Барийдің ерімейтін тұздары
B) Барийдің еритін тұздары
C) Индикаторлар
D) Күмістің еритін тұздары
E) Магнийдің еритін тұздары
18. Тұнба түзе жүретін иондар жұбы:
A) Ba2+ және OH-
B) Al3+ және SO42-
C) Ca2+ және CO32-
D) Na+ және Cl-
E) Mg3+ және NO3-
19. “Қышқылдың диссоциациялану дәрежесі 25%-ке тең” деген ұғымның мәні:
A) Қышқылдың ерітіндісіндегі 25% бөлшектері - катиондар
B) Қышқылдың бар молекуласының 25%-і иондарға ыдырайды
C) Қышқылдың бар молекуласының 25%-і иондарға ыдырамайды
D) Қышқылдың ерітіндісіндегі 25% бөлшектері - молекулалар
E) Қышқылдың ерітіндісіндегі 25% бөлшектері - аниондар
20. Ең күшті қышқыл:
A) H2SO3
B) H2SіO3
C) H2SO4
D) H3PO4
E) H2CO3
21. Қысқартылған мынадай иондық теңдеу Н+ + ОН- → Н2О осы ерітінділер әрекеттескенде түзіледі
A) Fe(OH)2 + H2SO4
B) NaOH + H2SiO3
C) Cu(OH)2 + H2CO3
D) Cu(OH)2 + H2SO4
E) KOH + H2SO4
22. Натрий гидроксиді осы затпен әрекеттескенде әлсіз электролит түзеді:
A) BaCl2
B) LiNO3
C) KNO3
D) Ba(OH)2
E) Ca(NO3)2
23. Диссоциация кезінде гидроксид-ион түзетін заттар:
A) суда ерімейтін негіздер
B) қышқыл тұздар
C) сілтілер
D) қышқылдар
E) орта тұздар
24. Әрекеттескен кезде газ түзетін заттар жұбы
A) KOH пен HNO3
B) NaOH пен KNO3
C) Ca(OH)2 мен HNO3
D) Na2CO3 пен HNO3
E) Ca(NO3)2 мен NaOH
25. Электролиттерге жататын заттар
A) азот қышқылы және барий гидроксиді
B) азот қышқылы және темір (ІІІ) гидроксиді
C) азот қышқылы және алюминий гидроксиді
D) азот қышқылы және мырыш гидроксиді
E) азот қышқылы және мыс (ІІ) гидроксиді
1. Электролитке жататын затты көрсетіңіз:
A) HBr (ерітінді)
2. Реакция теңдеуіндегі электролит емес заттардың алдындағы коэффициенттер қосындысы:
2Al + 3H2SO4(ерітінді) → Al2(SO4)3(ерітінді) + 3H2↑
B) 5
Электролит емес заттар 2Al және 3H2
3. Натрий сульфаты мен барий хлоридінің ерітінділерінің арасындағы толық және қысқартылған иондық теңдеудің барлық коэффициенттер қосындысы тең:
A) 11 және 3
Молекулалық теңдеу: Na2SO4 + BaCl2 = 2NaCl + BaSO4↓
Толық иондық теңдеу: 2Na+ + SO42- + Ba2+ + 2Cl- = 2Na+ + 2Cl- + BaSO4↓
Қысқартылған иондық теңдеу: SO42- + Ba2+= BaSO4↓
4. Mg2+ + 2OH- → Mg(OH)2↓ қысқартылған иондық теңдеуі мына заттардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі:
E) магний тұзының ерітіндісі сілтімен әрекеттескенде
Мысалы: Mg(NO3)2 + 2NaOH → Mg(OH)2↓ + 2NaNO3
5. Са2+ + SO42- = CaSO4↓ қысқартылған иондық теңдеуі мына заттардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі:
A) CaCl2 және Na2SO4
6. Диссоциация кезінде катион ретінде сутек пен металл иондары түзілетін заттардың аты:
E) қышқыл тұздар
7. Ерітіндіде бір мезгілде бола алатын иондарды көрсетіңіз:
E) Ba2+ және 2NО3-
Қалғандары суда ерімейтін тұнба түзеді. Ал су иондарға әлсіз ыдырайды
8. Диссоциация кезінде хлорид-ион түзетін зат:
B) KCl
9. Судағы ерітіндісінде бір-бірімен әрекеттесе алмайтын заттар:
C) калий хлориді + натрий нитраты →
C вариантында тұнба, газ, су түзіліп жатқан жоқ. Басқа варианттарда түзіліп жатыр.
10. Калий карбонаты мен кальций хлоридінің судағы ерітінділерін бір-бірімен араластырғанда тұнба түзетін иондар жұбы:
A) Ca2+ және CO32-
K2CO3 + CaCl2 = CaCO3↓ + 2KCl
2K+ + CO32- + Ca2+ + 2Cl- = CaCO3↓ + 2K+ + 2Cl-
CO32- + Ca2+ = CaCO3↓
11. Судағы ерітіндісінде соңына дейін жүрмейтін реакция:
C) KCl + NaNO3 →
C вариантында тұнба, газ, су түзіліп жатқан жоқ. Басқа варианттарда түзіліп жатыр.
12. Электролиттік диссоциация дегеніміз:
B) заттардың суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі
13. Диссоциациясы сатылап жүретін зат:
C) NaHCO3
I саты: NaHCO3 = NaCO3- + H+
II саты: NaCO3- = CO32- + Na+
14. Диссоциация кезінде сутектің катионын (Н+) және қышқыл қалдығы анионын түзетін заттар:
A) қышқылдар
15. Соңына дейін жүретін ион алмасу реакциясын көрсетіңіз
B) NaOH + HCl → NaCl + H2O
16. 3 моль темір (ІІІ) сульфаты диссоциацияланғанда түзілетін сульфат-аниондардың мөлшері
B) 9
Fe2(SO4)3 = 2Fe3+ + 3SO42-
1 моль Fe2(SO4)3 = 3 моль 3SO42-
3 моль Fe2(SO4)3 = 9 моль 3SO42-
17. Хлорид-ионға реактив болатын зат:
D) Күмістің еритін тұздары
18. Тұнба түзе жүретін иондар жұбы:
C) Ca2+ және CO32- = CaCO3↓
19. “Қышқылдың диссоциациялану дәрежесі 25%-ке тең” деген ұғымның мәні:
B) Қышқылдың бар молекуласының 25%-і иондарға ыдырайды
20. Ең күшті қышқыл:
C) H2SO4
21. Қысқартылған мынадай иондық теңдеу Н+ + ОН- → Н2О осы ерітінділер әрекеттескенде түзіледі
A) Fe(OH)2 + H2SO4 : мүмкін емес, себебі Fe(OH)2 суда ерімейді
B) NaOH + H2SiO3 : мүмкін емес, себебі H2SiO3 суда ерімейді
C) Cu(OH)2 + H2CO3 : мүмкін емес, себебі Cu(OH)2 суда ерімейді
D) Cu(OH)2 + H2SO4 : мүмкін емес, себебі Cu(OH)2 суда ерімейді
E) KOH + H2SO4 = K2SO4 + H2O
22. Натрий гидроксиді осы затпен әрекеттескенде әлсіз электролит түзеді:
E) Ca(NO3)2 + NaOH = NaNO3 + Ca(OH)2↓ аз ериді
23. Диссоциация кезінде гидроксид-ион түзетін заттар:
C) сілтілер
24. Әрекеттескен кезде газ түзетін заттар жұбы
D) Na2CO3 пен HNO3 = NaNO3 + H2O + CO2↑
25. Электролиттерге жататын заттар
A) азот қышқылы және барий гидроксиді
B) мүмкін емес, себебі темір (ІІІ) гидроксиді суда ерімейді
C) мүмкін емес, себебі алюминий гидроксиді суда ерімейді
D) мүмкін емес, себебі мырыш гидроксиді суда ерімейді
E) мүмкін емес, себебі мыс (ІІ) гидроксиді суда ерімейді