Тест сұрақтары (20 сұрақ)

(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)


01. Қысымды жоғарылату осы тепе-теңдікті ығыстыруға әсер етпейді

A) CaCO3 ↔ CaO + CO2             

B) 2H2 + O2 ↔ 2H2O

C) N2 + 3H2 ↔ 2NH3                    

D) CO + H2Oбу ↔ СО2 + Н2 

 

02. Берілген реакцияның  CO + H2O ↔ CO2 + H2 + Q тепе-теңдігін оңға қарай ығыстыратын жағдай

A) Қысымды жоғарылату             

B) Қыздыру

C) Қысымды азайту                      

D) СО2 концентрациясын азайту

E) температураны көтеру

 

03. Қысымды жоғарылатқанда газ молекулаларынан тұратын тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі

A) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады

B) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады

C) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады

D) жылу бөле жүретін реакция жағына ығысады

 

04. Қысымды азайтқанда газ молекулаларынан тұратын тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі

A) әрекеттесуші заттар реакциясы жағына ығысады

B) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады

C) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады

D) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады

 

05. Температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі ..

A) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады

B) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады

C) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады

D) жылу бөле жүретін реакция жағына ығысады


06. Реакция өнімінің концентрациясын көбейткенде тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі...

A) өнімдер түзілетін бағытқа қарай ығысады

B) реагенттер түзілетін бағытқа қарай ығысады

C) эндотермиялық реакция жағына ығысады

D) экзотермиялық реакция жағына қарай ығысады

 

07. Реакцияға түскен заттардың біреуінің концентрациясын азайтқанда тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі...

A) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады

B) осы заттың түзілу реакциясы жағына ығысады

C) осы заттың жұмсалу реакциясы жағына ығысады

D) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады

 

08. Әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясын көбейткенде тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі ...

A) экзотермиялық реакция жағына ығысады

B) эндотермиялық реакция жағына ығысады

C) осы заттың түзілу реакциясы жағына ығысады

D) осы заттың жұмсалу реакциясы жағына ығысады

 

09. Температураны төмендеткенде тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі ...

A) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады

B) жылу бөле жүретін реакция жағына ығысады

C) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады

D) әрекеттесуші заттар реакциясы жағына ығысады

 

10. N2 + 3H2 ↔ 2NH3 + Q реакциясы бойынша аммиак шығымын көбейтуге әсер ететін жағдай

A) жүйеде қысымды арттыру

B) температураны жоғарылату

C) сутектің концентрациясын азайту

D) жүйеде қысымды төмендету


11. Егер температура мен қысымды бір мезгілде арттырса, онда қай реакцияның тепе-теңдігі оң жаққа қарай ығысатын реакция теңдеуі

A) Fe + C ↔ Fe + CO – Q                            

B) 2CO + O2 ↔ 2CO2 + Q

C) 2H2O ↔ 2H2 + O2 – Q                              

D) 2N2 + O2 ↔ 2N2O - Q


12. Берілген жүйеде 2СО + О2 ↔ 2СО2 + Q қысымды көбейту, температураны төмендету, оттектің концентрациясын арттыру тепе-теңдікті

A) солға ығыстырады                                             

B) ығыстырмайды

C) оңға ығыстырады    

D) оңға да, солға да ығыстырады


13. Реакцияда сутек концентрациясын арттыру тепе-теңдікті солға ығыстырады

A) жай заттардан аммиакты синтездеу                       

B) аммиакты жай заттарға айыру

C) жай заттардан су буының түзілуі                           

D) темір (II) оксидін сутекпен тотықсыздандырғанда

 

14. Қысымды арттырғанда тепе-теңдік оңға қарай ығысатын гомогенді реакция:

A) PCl5 ↔ PCl3 + Cl2                                   

B) N2 + O2 ↔ 2NO

C) 2H2 + O2 ↔ 2H2O(бу)                            

D) H2 + I2 ↔ 2HI

 

15. Қысымның өзгеруі тепе-теңдікке әсер етпейтін гомогенді реакцияның теңдеуі 

A) H2 + Br2 ↔ 2HBr                                    

B) H2 + S ↔ H2S

C) 2H2 + O2 ↔ 2H2O                                   

D) PCl5 ↔ PCl3 + Cl2


16. Гомогенді реакцияның 2СО + О2 ↔ 2СО2 + Q тепе-теңдігі солға қарай ығысады, егер

A) қысымды арттырса                              

B) температураны арттырса

C) көміртек монооксидінің концентрациясын арттырса                

D) оттектің концентрациясын төмендетсе

 

17. Қысымды төмендеткенде  тепе-теңдік өзгермейтін реакция, бұл -

A) 4NH3 +5O2 ↔ 4NO + 6H2O                                   

B) 2H2O(г) ↔ 2H2 + O2

C) N2 + 3H2 ↔ 2NH3                                                  

D) FeO + H2 ↔ Fe +H2O (бу)


18. Гетерогендік жүйедегі СаО(қ) + СО2(г) ↔ СаСО3(қ) + Q тепе-теңдік сол жаққа қарай ығысады, егер

A) СаО-дін қосса                                       

B) көмірқышқыл газының концентрациясын арттырса

C) температураны жоғарылатса 

D) температураны төмендетсе                              


19. Реакция қайтымсыз болуы үшін

A) тұнба, газ

B) мұз, су

C) тұз, су, тұнба

D) су

E) газ, су


20. Азот (ІІ) оксиді тотыққанда азот (ІV) оксидіне айналып, жылу бөлінеді. Осы реакция типін және қысымды арттырғанда тепе-теңдіктің ығысуын көрсетіңіз:

A) Экзотермиялық, тепе-теңдік ауыспайды.

B) Эндотермиялық, тура жүретін реакция жағына.

C) Экзотермиялық, кері реакция жағына.

D) Экзотермиялық, тура реакция жағына.

E) Эндотермиялық, тепе-теңдік ауыспайды.


 

Жауаптары

1. Қысымды жоғарылату осы тепе-теңдікті ығыстыруға әсер етпейді

D) CO + H2Oбу ↔ СО2 + Н2 

Себебі, реакцияға дейінгі және кейінгі газ көлемі тең. 2 моль газ дейін, және 2 моль газ кейін

 

2. Берілген реакцияның  CO + H2O ↔ CO2 + H2 + Q тепе-теңдігін оңға қарай ығыстыратын жағдай

D) СО2 концентрациясын азайту

Өнімнің концентрациясын азайтқан кезде реакция тепе-теңдікке ұмтылады, және сол азайған концентрацияны қайта көтереді де реакцияны оңға қарай ығыстырада.  

 

3. Қысымды жоғарылатқанда газ молекулаларынан тұратын тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі

B) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады

Қысымды арттыру дегеніміз ол көлемді төмендету, яғни газ молекулалар санының азаюы. 

 

4. Қысымды азайтқанда газ молекулаларынан тұратын тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі

D) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады

Үшінші сұраққа ұқсас

 

5. Температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі ..

B) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады

Температураны арттырғанда біз реакция тепе теңдігін бұздық. Енді реакция бастапқы тепе теңдікке қайта оралуы үшін сол сырттан келген жылуды төмендетуге ұмтылады, яғни реакция сол жылуды сіңіретін бағытқа ығысады.    

 

6. Реакция өнімінің концентрациясын көбейткенде тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі...

B) реагенттер түзілетін бағытқа қарай ығысады

Егер тепе теңдік күйдегі реакцияға біз өнім заттарды қосатын болсақ (яғни реакция өнімі концентрациясын арттыратын болсақ), онда реакцияның тепе теңдігін бұздық. Нәтижесінде, реакция бастапқы тепе теңдік күйге қайта оралу үшін сол сырттан келген өнім заттардың концентрациясын төмендетуге ұмтылады, яғни реагенттер түзілетін бағытқа ығысады.    

 

7. Реакцияға түскен заттардың біреуінің концентрациясын азайтқанда тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі...

B) осы заттың түзілу реакциясы жағына ығысады

 

8. Әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясын көбейткенде тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі ...

D) осы заттың жұмсалу реакциясы жағына ығысады

 

9. Температураны төмендеткенде тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі ...

B) жылу бөле жүретін реакция жағына ығысады


 10. N2 + 3H2 ↔ 2NH3 + Q реакциясы бойынша аммиак шығымын көбейтуге әсер ететін жағдай

A) жүйеде қысымды арттыру

NH- аммиак, газ. Реакциядағы барлық заттар газдар, сондықтан көлемді ескеруіміз керек. Реакцияға дейін төрт моль, реакциядан кейін екі моль, яғни көлем төмендеп жатыр (қысым артып жатыр). Реакция оң бағытқа жылжу үшін, қысымды әлі де арттыру керек 

   

11. Егер температура мен қысымды бір мезгілде арттырса, онда қай реакцияның тепе-теңдігі оң жаққа қарай ығысатын реакция теңдеуі

D) 2N2 + O2 ↔ 2N2O - Q

 

12. Берілген жүйеде 2СО + О2 ↔ 2СО2 + Q қысымды көбейту, температураны төмендету, оттектің концентрациясын арттыру тепе-теңдікті

C) оңға ығыстырады    

Реакциядағы заттардың барлығы газ күйде, сондықтан көлемді моль саны арқылы ескеруіміз керек. Реакцияға дейін үш моль, кейін екі моль, көлем төмендеп жатыр, яғни қысым артып жатыр. Қысымды әлі де арттыру арқылы, біз реакцияның тепе теңдігін оңға қырай ығыстырамыз. Реакция барысында жылу бөлініп жатыр, яғни температураны төмендету арқылы одан әрі жылу бөлінуді арттырамыз, сөйтіп тепе теңдік оңға ығысады. Оттектің концентрациясын арттырғанда сол артық қосылған оттек жұмсалатын бағытқа ығысады, яғни өнім түзілетін оңға қарай.  

 

13. Реакцияда сутек концентрациясын арттыру тепе-теңдікті солға ығыстырады

A) жай заттардан аммиакты синтездеу N2 + 3H2 ↔ 2NH3                      

B) аммиакты жай заттарға айыру 2NH3 ↔ N2 + 3H2 

C) жай заттардан су буының түзілуі  2H2 + O2  ↔ 2H2O(г)                   

D) темір (II) оксидін сутекпен тотықсыздандырғанда FeO + H2 ↔ Fe +H2O (бу)

B) аммиакты жай заттарға айыру, себебі осы реакцияда ғана сутек өнім ретінде бөлінеді. Басқа реакцияларда сутек реакцияның сол жағында. 

 

14. Қысымды арттырғанда тепе-теңдік оңға қарай ығысатын гомогенді реакция:

C) 2H2 + O2 ↔ 2H2O(бу)

Қысымды арттыру кезінде тепе теңдік көлем төмендейтін бағытқа ығысады. Көлемнің өзгерісін есептеу үшін реакциядағы ГАЗ заттардың моль санын есептеу керек. Бұл реакцияда реакцияға дейін үш моль, кейін екі моль, яғни көлем азайып жатыр.                               

 

15. Қысымның өзгеруі тепе-теңдікке әсер етпейтін гомогенді реакцияның теңдеуі 

A) H2 + Br2 ↔ 2HBr (барлығы газ, яғни гомогенді; және моль саны өзгеріп жатқан жоқ, яғни қысым әсер етпейді)  

B) H2 + S ↔ H2(мұнда реакция гетерогенді, себебі күкірт қатты зат, қалғаны газ. Денемен газдардың моль саны өзгеріп жатқан жоқ, яғни қысым әсер етпейді)   

C) 2H2 + O2 ↔ 2H2O (гомогенді реакция, барлығы газ; бірақ моль саны өзгеріп жатыр)                                  

D) PCl5 ↔ PCl3 + Cl2 ( PCl5қатты, PClсұйық, Clгаз)


Қысым тек көлем өзгеретін реакцияларға әсер етеді. Көлемнің өзгерісін есептеу үшін реакциядағы ГАЗ заттардың моль санын есептеу керек. Бұл реакцияда реакцияға дейін бір моль газ сутек (күкірт газ емес, қатты), кейін бір моль күкіртсутек газ


16. Гомогенді реакцияның 2СО + О2 ↔ 2СО2 + Q тепе-теңдігі солға қарай ығысады, егер

D) оттектің концентрациясын төмендетсе

 

17. Қысымды төмендеткенде тепе-теңдік өзгермейтін реакция, бұл -

D) FeO + H2 ↔ Fe +H2O (бу)

FeO және Fe газ емес, қатты заттар.


18. Гетерогендік жүйедегі СаО(қ) + СО2(г) ↔ СаСО3(қ) + Q тепе-теңдік сол жаққа қарай ығысады, егер

C) температураны төмендетсе                             

 

19. Реакция қайтымсыз болуы үшін

C) тұз, су, тұнба


20. Азот (ІІ) оксиді тотыққанда азот (ІV) оксидіне айналып, жылу бөлінеді. Осы реакция типін және қысымды арттырғанда тепе-теңдіктің ығысуын көрсетіңіз:

D) Экзотермиялық, тура реакция жағына.

2NO + O2 ↔ 2NO2 + Q реакциясында барлық заттар газ, көлем төмендеп жатыр (қысым ратып жатыр).   

Соңғы өзгеріс: Сенбі, 30 Қыркүйек 2023, 2:57