Тест сұрақтары (20 сұрақ)
(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)
01. ll валентті металл сульфатының сулы ерітіндісін электролиздегенде катодтан 12,8 г металл анодта 2,24 л газ бөлінді. Катодта бөлінген металл:
A) Ba
B) Zn
C) Cu
D) Mg
E) Hg
02. Na - өте белсенді металл, оны таза күйінде тек электролиз әдісімен ғана алуға болады. Таза натрий алу үшін 585 кг натрий хлориді балқымасын электролизге ұшыратты. Практикалық шығым 90% болса алынған өнім массасы
A) 105 кг
B) 230 кг
C) 250 кг
D) 207 кг
E) 345 кг
03. Натрийді өнеркәсіпте алу теңдеуі
A) NaCl электролиз =
B) Na + H2O =
C) Na + Cl2 =
D) Na + Br2 =
E) Na + O2 =
04. Күміс нитраты ерітіндісін электролиздегенде катодтың массасы 6 г артты. Анодта бөлінген газдың көлемі (л)
A) 0,311
B) 0,455
C) 0,344
D) 0,987
E) 6,5
05. Анодта 6,72 л (қ.ж.) газ бөлінген болса, электролизге түскен калий хлоридінің балқыма күйіндегі мөльшері (моль)
A) 0.6
B) 0.5
C) 0.9
D) 0.2
E) 0,1
06. Балқыманың электролизі жүретін стадия Al → Al(OH)3 → Al2O3 → AlCl3 → Al
A) 3
B) 4
C) 1
D) ешқайсысында
E) 2
07. Бұйымдарды электролиз әдісі арқылы металдармен қаптау тәсілі
A) гальванопластика
B) гальваностегия
C) пластика
D) коррозия
E) жемірілу
08. Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісінің электролизі кезінде катодтың массасы 3,2 грамға артты. Осы кезде анодқа бөлінген газдың көлемі (қ.ж.) және құрамы
A) 1,12 л O2
B) 1,12 л H2
C) 0,56 л O2
D) 1,12 л Cl2
E) 0,56 л Cl2
09. Натрий сульфатының ерітіндісін көмір электродтарымен электролиздегенде катодта және анодта бөлінеді:
A) H2 және H2S
B) H2 және O2
C) Na және O2
D) Na2S және H2O
E) Na және SO2
10. Судың электролизін қолданады:
A) натрий гидроксидін алу үшін
B) оттегін алу үшін
C) сутегін және оттегін алу үшін
D) сутегін алу үшін
E) сутек пероксидін алу үшін
11. Белгісіз заттың балқымасы электролизденгенде бром және I топтың негізгі топшасының металы түзілді. Бастапқы заттың құрамындағы металдың массалық үлесі 0,223 болса, осы заттың формуласын жазып, химиялық байланыстың түрін анықтаңыз.
A) иондық байланыс, NaBr
B) иондық байланыс, KBr
C) ковалентті полюсті байланыс, NaBr
D) иондық байланыс, CaBr2
E) ковалентті полюсті байланыс, LiBr
12. Калийді төмендегі заттардың электролизі арқылы алуға болады:
A) KCl балқымасы
B) KCl ерітіндісі
C) KBr кристалы
D) KOH ерітіндісі
E) құрамында K бар тыңайтқыш
13. Мыс (II) хлоридінің ерітіндісін электролиздегенде катодта 6,4 грамм металл бөлінді. Ал анодта (қ.ж.) бөлінген газ көлемі:
A) 2,24 л
B) 11,2 л
C) 22,4 л
D) 0,112 л
E) 2,4 л
14. Массасы 234 г натрий хлориді балқымасын электролиздегенде түзілген металл натрийдің массасы:
A) 92
B) 87
C) 65
D) 95
E) 103
15. Натрий хлоридінің балқымасын электролиздегенде алынатын өнім
A) Na, Cl2
B) NaOH, HCl
C) NaCl гидролизденбейді
D) H2, Cl2
E) Na, O2
16. Сілтілік металдарды тек балқымаларды электролиздеу арқылы ғана алатын себебі:
A) металдардың ішіндегі ең белсенділері
B) металдардың ішіндегі ең жұмсағы
C) металдық байланыс әлсіз
D) табиғатта сирек кездеседі
E) кристалдық торы күрделі
17. Қандай тұздың сулы ерiтiндiсiн электролиздегенде катодта тек металл бөлiнедi?
A) Hg(NO3)2
B) KCl
C) NaNO3
D) CaBr2
E) NaCl
18. Mg(NO3)2 тұзы ерiтiндiсi электролизiнде анодта бөлiнетiн затты көрсетiңiз
A) O2
B) Mg
C) H2
D) NO2
E) H2O
19. CuSO4 ерітіндісі электролизденгенде электродтарда (катод және анодта) қандай заттар бөлініп шығады:
A) Cu; O2
B) Cu, SO2
C) H2, O2
D) O2, Cu
E) Cu, H2
20. Ерітіндісінің электролизі кезінде катодта тек сутегін түзетін тұз:
A) LіNO3
B) Cu(NO3)2
C) CuCl2
D) HgCl2
E) CuSO4
Жауабы
1. ll валентті металл сульфатының сулы ерітіндісін электролиздегенде катодтан 12,8 г металл анодта 2,24 л газ бөлінді. Катодта бөлінген металл:
C) Cu
Металдың ІІ валентті екенін біле отырып біз толықтай электролиз реакциясын жаза аламыз, және теңестіреміз.
|
|
|
|
12,8 г |
|
|
2,24 л |
2MeSO4 |
+ |
2H2O |
= |
2Me |
+ 2H2SO4 |
+ |
O2 |
|
|
|
|
2X г |
|
|
22,4 л |
2x = 128, x = 64 (Cu)
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
2. Na - өте белсенді металл, оны таза күйінде тек электролиз әдісімен ғана алуға болады. Таза натрий алу үшін 585 кг натрий хлориді балқымасын электролизге ұшыратты. Практикалық шығым 90% болса алынған өнім массасы
D) 207 кг
585 г |
|
X г |
|
|
2NaCl |
= |
2Na |
+ |
Cl2 |
117 г |
|
46 г |
|
|
X = 230 г
m = 230 г x 90% / 100% = 207 кг
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
3. Натрийді өнеркәсіпте алу теңдеуі
A) NaCl электролиз =
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
4. Күміс нитраты ерітіндісін электролиздегенде катодтың массасы 6 г артты. Анодта бөлінген газдың көлемі (л)
A) 0,311
Бұл есепте 6 г өнім қай затқа қатысты екені айтылмаған. Сондықтан "катодтың массасы 6 г артты" деген сөйлемге аса мән беру керекпіз. Электрод от қатты зат. Және электродың массасы артуы үшін сол қатты затқа тағы басқа қатты зат жабысуы керек, ал біздің реакциямызда бөлініп жатқан қатты зат ол Күміс металы. Күміс реакцияның басында анион болғандықтан этекролиз кезінде катодқа тартылады. Ал анодта гидроксид анион оттек газға айналып жатыр.
|
|
|
|
6 г |
|
X л |
|
|
4AgNO3 |
+ |
2H2O |
= |
4Ag |
+ |
O2 |
+ |
4HNO3 |
|
|
|
|
432 г |
|
22,4 л |
|
|
X = 0,311 л
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
5. Анодта 6,72 л (қ.ж.) газ бөлінген болса, электролизге түскен калий хлоридінің балқыма күйіндегі мөлшері (моль)
A) 0.6
X моль |
|
|
|
6,72 л |
2KCl |
= |
2K |
+ |
Cl2 |
2 моль |
|
|
|
22,4 л |
X = 0,6 моль
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
6. Балқыманың электролизі жүретін стадия
Al → Al(OH)3 → Al2O3 → AlCl3 → Al
B) 4
Бұл әрине күрделі сұрақ. Алдымен алюминийдің белсенді метал екендігін ескеруміз керек, сондықтан алюминий электролиз реакциясына сулы ортада түсетін болса, онда сол сулы ортада алюминий катионымен қатар сутек катионы да бар екендігін ескеруміз керек. Бекетов қатарында алюминий сутекке дейін орналасқан, сондықтан электролиз реакциясы нәтижесінде сутек газ ретінде бөлінеді, ал алюминий сулы ортада катион күйінде қалады.
Енді берілген тізбекке назар аударатын болсақ, онда Алюминий таза метал ретінде (яғни катион емес, жай зат) бөлініп шығатын реакция төртінші стадия ғана, қалған стадияларда Алюминий басқа элементпен қатар тұр. Және алюминий хлориді электролизі кезінде катодта алюминий бөлінуі үшін (сутек газы емес), реакция балқымада болуы керек (сулы ортада емес).
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
7. Бұйымдарды электролиз әдісі арқылы металдармен қаптау тәсілі
B) гальваностегия
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
8. Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісінің электролизі кезінде катодтың массасы 3,2 грамға артты. Осы кезде анодқа бөлінген газдың көлемі (қ.ж.) және құрамы
Катодқа катион тартылады, яғни мыс катионы катодта жай зат ретінде бөлініп, мыс металы катод массасын арттырады.
D) 1,12 л Cl2
|
|
|
|
3,2 г |
|
X л |
|
|
CuCl2 |
+ |
H2O |
= |
Cu |
+ |
Cl2 |
+ |
H2O |
|
|
|
|
64 г |
|
22,4 |
|
|
X = 1,12 л
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
9. Натрий сульфатының ерітіндісін көмір электродтарымен электролиздегенде катодта және анодта бөлінеді:
B) H2 және O2
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
10. Судың электролизін қолданады:
C) сутегін және оттегін алу үшін
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
11. Белгісіз заттың балқымасы электролизденгенде бром және I топтың негізгі топшасының металы түзілді. Бастапқы заттың құрамындағы металдың массалық үлесі 0,223 болса, осы заттың формуласын жазып, химиялық байланыстың түрін анықтаңыз.
A) иондық байланыс, NaBr
Белгісіз зат формуласы MeBr, себебі ол белгісіз метал І валентті екендігін білеміз.
Me |
= |
0.223 |
= |
X (Ar) |
Br |
= |
0.777 |
= |
80 (Ar) |
X = 23 г, Na
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
12. Калийді төмендегі заттардың электролизі арқылы алуға болады:
A) KCl балқымасы
Кристал электролиз реакциясына қатыспайды. Ал ерітіндіде калий жай зат ретінде бөлініп шықпайды, катион ретінде қалады; оның орнына катодта сутек газ ретінде бөлінеді.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
13. Мыс (II) хлоридінің ерітіндісін электролиздегенде катодта 6,4 грамм металл бөлінді. Ал анодта (қ.ж.) бөлінген газ көлемі:
A) 2,24 л
|
|
|
|
6,4 г |
|
X л |
|
|
CuCl2 |
+ |
H2O |
= |
Cu |
+ |
Cl2 |
+ |
H2O |
|
|
|
|
64 г |
|
22,4 |
|
|
X = 2,24 л
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
14. Массасы 234 г натрий хлориді балқымасын электролиздегенде түзілген металл натрийдің массасы:
A) 92
234 г |
|
Х г |
|
|
2NaCl |
= |
2Na |
+ |
Cl2 |
117 г |
|
46 г |
|
|
X = 92 г
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
15. Натрий хлоридінің балқымасын электролиздегенде алынатын өнім
A) Na, Cl2
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
16. Сілтілік металдарды тек балқымаларды электролиздеу арқылы ғана алатын себебі:
A) металдардың ішіндегі ең белсенділері
Егер электролиз ерітіндіде орын алса, онда белсенді метал катион ретінде қалады, оның орнына жай зат ретінде сутек газы бөлініп шығады.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
17. Қандай тұздың сулы ерiтiндiсiн электролиздегенде катодта тек металл бөлiнедi?
A) Hg(NO3)2
Себебі сынап әлсіз метал, Бекетов қатарында сутектен кейін орналасқан.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
18. Mg(NO3)2 тұзы ерiтiндiсi электролизiнде анодта бөлiнетiн затты көрсетiңiз
A) O2
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
19. CuSO4 ерітіндісі электролизденгенде электродтарда (катод және анодта) қандай заттар бөлініп шығады:
A) Cu; O2
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
20. Ерітіндісінің электролизі кезінде катодта тек сутегін түзетін тұз:
A) LіNO3
Тек литий сутекпен салыстырғанда белсенді, қалған метал катиондар сутекпен салыстырған әлсіз.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Кеңес: Электролизге қатысты есеп шығарғанда есептің берілгеніне аса мән беру керек, әсіресе "ерітінді" немесе "балқыма". Себебі осы сөздерге байланысты электролиз реакциясы әртүрлі жүреді. Мысалы, натрий хлориді электролизі
Ерітіндіде: 2NaCl + 2HOH = H2 + Cl2 + 2NaOH (2Na+ + 2Cl- + 2H+ + 2OH- = H2 + Cl2 + 2Na+ + 2OH-)
Балқымада: 2NaCl = 2Na + Cl2