Тест сұрақтары (20 сұрақ)
(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)
01. Температураны 50°C дан 100°C-қа көтергенде реакция жылдамдығы 243 есе артатын болса, температуралық коэффициент
A) 8
B) 9
C) 3
D) 6
E) 4
02. 4NH3 + 3O2 = 2N2 + 6H2O реакциядағы оттектің концентрациясын 2 есе арттырғанда реакция жылдамдығы:
A) 8
B) 7
C) 6
D) 5
E) 2
03. 35°C реакция жылдамдығы 5 моль/л тең. Температуралық коэффициент екіге тең болса, температура 75°C-да реакция жылдамдығы
A) 80
B) 56
C) 47
D) 20
E) 100
04. 2NO + O2 = 2NO2 реакциясындағы азот (ll) oксидінің концентрациясын 4 есе көбейткенде реакция жылдамдығы
A) 23
B) 45
C) 15
D) 16
E) 20
05. Егер температуралық коэффициенті 2 болса, температураны 20°C қа көтергенде реакция жылдамдығы артады
A) 58
B) 45
C) 8
D) 5
E) 4
06. Температураны 20°C көтергенде реакция жылдамдығы 16 есе артса, реакцияның температуралық коэффициенті:
A) 4
B) 8
C) 7
D) 6
E) 2
07. A және B заттарының бастапқы концентрациясы 0,3 моль/л және 0,5 моль/л. Егер реакция жылдамдығының константасы 0,4 болса A + 2В = C теңдеуі бойынша жүретін реакция жылдамдығы
A) 0,03
B) 0,04
C) 0,05
D) 0,06
E) 0,07
08. Реакция 20°C температурада 2 минутта аяқталады. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 2 болса, осы реакция 50°C температурада қанша уақытта (сек) аяқталады.
A) 40
B) 15
C) 20
D) 34
E) 18
09. Реакция 30°C температурада 25 минутта, ал 50°C температурада 4 минутта аяқталады. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициентін анықтаңыз
A) 56
B) 2,5
C) 6,5
D) 8
E) 0
10. CO + Cl2 = COCl2 реакциясында иіс газы мен хлордың концентрациялары сәйкесінше 12 моль/л және 8 моль/л. Егер фосгеннің тепе-теңдік концентрациясы 4 моль/л болса, реакцияның тепе-теңдік константасын табыңыз
A) 0,125
B) 0,900
C) 67
D) 0,603
E) 0,23
11. Реакция жылдамдығы 0°C температурада 0,4 моль/л∙C. Егер температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, осы реакцияның 30°C температурадағы жылдамдығын есептеңіз.
A) 10,8
B) 9,0
C) 3,4
D) 5,67
E) 12,35
12. CO2 + C = 2CO реакциясында көмірқышқыл газының концентрациясы 1,5 моль/л. Егер реакция жылдамдығының тұрақтысы 0,25 болса, реакция жылдамдығын табыңыз
A) 12,9
B) 0,06
C) 0,375
D) 0,98
E) 3,42
13. Температура 30°C болғанда химиялық реакцияның жылдамдығы 0,01 моль/л×мин. Температураны 10°C-қа көтергенде реакция жылдамдығы 3 есе артады. 60°C кезіндегі осы реакция жылдамдығын есептеңіз.
A) 0,56
B) 0,67
C) 0,23
D) 0,34
E) 0,27
14. Реакция A + 2B теңдеуі бойынша жүреді. A және B заттарының бастапқы концентрациясы 0,3 және 0,5. Реакция жылдамдығы константасы 0,4. A затының концентрациясы 0,1 моль/л азайғаннан кейінгі реакция жылдамдығын табыңыз.
A) 0,0072
B) 0,72
C) 720
D) 0,007
E) 0,027
15. Кейбір реакция 30°C та 32 минутта бітеді. Егер температуралық коэффициенті 4-ке тең болса, реакция 30 с аяқталуы үшін реакция жүргізу температурасы
A) 50°C
B) 60°C
C) 70°C
D) 40°C
E) 30°C
16. A + B = C + D реакциясының тепе-теңдік константасы 1. Егер 3 моль A заты және 5 моль B заты әрекеттескенде, тепе-теңдік орнаған кезде A затының неше пайызы реакцияға түскенін көрсетіңіз
A) 64
B) 62,5
C) 89
D) 45
E) 23,56
17. 2NO + O2 = 2NO2 реакциясында азот (ll) оксидінің концентрациясын 4 есе азайтқанда реакция жылдамдығы
A) 16 есе кемиді
B) 16 есе артады
C) 8 есе кемиді
D) 11 есе артады
E) өзгермейді
18. 2NO + O2 = 2NO2 реакциясында азот (ll) оксидінің концентрациясын 4 есе көбейткенде реакция жылдамдығы
A) 16 есе кемиді
B) 16 есе артады
C) 8 есе кемиді
D) 11 есе артады
E) өзгермейді
19. Гетерогенді химиялық реакцияның H2(газ) + I2(крист) = 2HI(газ) тепе-теңдіктегі константасының өрнегі
A) K = [H2]2 / [H]
B) K = [H2]2 / [H2]
C) K = [HJ] / [H2]
D) K = [J2]2 / [H2]
E) K = [HJ]2 / [H2]
20. Берілген реакциялардың ішіндегі ең жылдамы
A) тиындардың қараюы
B) темірдің таттануы
C) май шамның жануы
D) сүттің ашуы
E) жапырақтың сарғаюы
1. Температураны 50°C дан 100°C-қа көтергенде реакция жылдамдығы 243 есе артатын болса, температуралық коэффициент
C) 3
γ(100-50)/10 = γ5 = 243
γ = 3
2. 4NH3 + 3O2 = 2N2 + 6H2O реакциядағы оттектің концентрациясын 2 есе арттырғанда реакция жылдамдығы:
A) 8
Оттектің алдындағы коэффициент = 3. Сондықтан [C(O2)]3. V = 2³ = 8
3. 35°C реакция жылдамдығы 5 моль/л тең. Температуралық коэффициент екіге тең болса, температура 75°C-да реакция жылдамдығы
A) 80
γ (75-35)/10 = γ4
V = 5 моль/л × 2⁴ = 80
4. 2NO + O2 = 2NO2 реакциясындағы азот (ll) oксидінің концентрациясын 4 есе көбейткенде реакция жылдамдығы
D) 16
Aзот (ll) oксидінің алдындағы коэффициент = 2. Сондықтан [C]2. V = 42 = 16
5. Егер температуралық коэффициенті 2 болса, температураны 20°C қа көтергенде реакция жылдамдығы артады
E) 4
γ20/10 = 2² = 4
6. Температураны 20°C көтергенде реакция жылдамдығы 16 есе артса, реакцияның температуралық коэффициенті:
A) 4
γ20/10 = γ² = 16; γ = 4
7. A және B заттарының бастапқы концентрациясы 0,3 моль/л және 0,5 моль/л. Егер реакция жылдамдығының константасы 0,4 болса A + 2В = C теңдеуі бойынша жүретін реакция жылдамдығы
A) 0,03
V = K ∙ [A] ∙ [B]2 = 0,4 x 0,3 × 0,52 = 0.03 моль/л
8. Реакция 20°C температурада 2 минутта аяқталады. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 2 болса, осы реакция 50°C температурада қанша уақытта (сек) аяқталады.
B) 15
γ(50-20)/10 = 23 = 8; реакция жылдамдығы 8 есе артады
2 мин = 120 сек
120 / 9 = 15 сек
9. Реакция 30°C температурада 25 минутта, ал 50°C температурада 4 минутта аяқталады. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициентін анықтаңыз
B) 2,5
γ(50-30)/10 = γ2 = 25 мин / 4 мин; γ = 5/2 = 2,5
10. CO + Cl2 = COCl2 реакциясында иіс газы мен хлордың концентрациялары сәйкесінше 12 моль/л және 8 моль/л. Егер фосгеннің тепе-теңдік концентрациясы 4 моль/л болса, реакцияның тепе-теңдік константасын табыңыз
A) 0,125
12 моль/л және 8 моль/л концентрациялары бастапқы реагент концентрациялар. Тепе-теңдік константасын есептеу үшін реагенттердің тепе-теңдік концентрацияларын есептеу керек.
4 моль/л COCl2 өнім түзілгендіктен, әрбір реагенттің тепе-теңдік концентрациясы:
[Cl2] = 8 – 4 = 4 моль/л
[CO] = 12 – 4 = 8 моль/л
K = [COCl2] / [Cl2] ∙ [CO]
K = 4 / 4 ∙ 8 = 0,125
11. Реакция жылдамдығы 0°C температурада 0,4 моль/л∙C. Егер температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, осы реакцияның 30°C температурадағы жылдамдығын есептеңіз.
A) 10,8
γ30/10 = 33 = 27; реакцияның жылдамдығы 27 есе артады
V2 = V1 × 27 = 0,4 × 27 = 10,8 моль/л×C
12. CO2 + C = 2CO реакциясында көмірқышқыл газының концентрациясы 1,5 моль/л. Егер реакция жылдамдығының константасы 0,25 болса, реакция жылдамдығын табыңыз
C) 0,375
Тепе-теңдік константасын қолданып реакция жылдамдығы формуласын жазғанда тек сұйық және газ заттардың тепе-теңдік концентрациялары қолданылады. Қатты зат ескерілмейді.
V = K ∙ [CO2] = 0,25 ∙ 1,5 = 0,375
13. Температура 30°C болғанда химиялық реакцияның жылдамдығы 0,01 моль/л×мин. Температураны 10°C-қа көтергенде реакция жылдамдығы 3 есе артады. 60°C кезіндегі осы реакция жылдамдығын есептеңіз.
E) 0,27
γ(60-30)/10 = 33 = 27
V2 = V1 ×27 = 0,01 × 27 = 0,27
14. Реакция A + 2B теңдеуі бойынша жүреді. A және B заттарының бастапқы концентрациясы 0,3 және 0,5. Реакция жылдамдығы константасы 0,4. A затының концентрациясы 0,1 моль/л азайғаннан кейінгі реакция жылдамдығын табыңыз.
A) 0,0072
Тепе-теңдік константасын есептеу үшін реагенттердің тепе-теңдік концентрацияларын есептеу керек.
[A] = 0,3 – 0,1 = 0,2 моль/л
[B] = 0,5 – 2 ∙ 0,1 = 0,3 моль/л
V = K ∙ [A] ∙ [B]2
V = 0,4 ∙ 0,2 ∙ 0,32 = 0,0072 моль/л×C
15. Кейбір реакция 30°C та 32 минутта бітеді. Егер температуралық коэффициенті 4-ке тең болса, реакция 30 с аяқталуы үшін реакция жүргізу температурасы (с - секунд)
B) 60°C
30 сек = 0,5 мин
32 мин / 0,5 мин = 64; реакция жылдамдығы 64 есе артқан
64 = 4(X-30)/10
Х = 60°C
16. A + B = C + D реакциясының тепе-теңдік константасы 1. Егер 3 моль A заты және 5 моль B заты әрекеттескенде, тепе-теңдік орнаған кезде A затының неше пайызы реакцияға түскенін көрсетіңіз
B) 62,5
K = [C] ∙ [D] / [A] ∙ [B] = 1
[X] ∙ [X] / [3 - X] ∙ [5 - X] = 1
x2 = (3 - x)(5 - x)
x2 = 15 - 8x + x2
x = 1,875 (бұл реакцияға түскен реакция)
3 моль ---- 100%
1,875 моль ---- х%
Х = 62,5%
17. 2NO + O2 = 2NO2 реакциясында азот (ll) оксидінің концентрациясын 4 есе азайтқанда реакция жылдамдығы
A) 16 есе кемиді
18. 2NO + O2 = 2NO2 реакциясында азот (ll) оксидінің концентрациясын 4 есе көбейткенде реакция жылдамдығы
B) 16 есе артады
19. Гетерогенді химиялық реакцияның H2(газ) + I2(крист) = 2HI(газ) тепе-теңдіктегі константасының өрнегі
E) K = [HJ]2 / [H2]
Қатты заттың концентрациясы ескерілмейді
20) С