Тест сұрақтары (20 сұрақ)
(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)
01. Сары жасыл түсті, өткір иісті, ауадан 2,5 есе ауыр газ
A) хлор
B) натрий
C) сутек
D) калий
E) йод
02. Тұз қышқылының тұздары
A) нитраттар
B) гидраттар
C) пероксидтер
D) хлоридтер
E) гидроксидтер
03. Хлордың ⅓ бөлігі сумен әрекеттесіп, түзіледі
A) Cl2
B) HClO4
C) HCl, HClO
D) HClO2
E) HCl
04. Ағартқыш әктің негізгі құрамдас бөлігі
A) CaOCl2
B) CaCl2
C) CaO
D) Ca(OH)2
E) H2, CaO
05. Йодтың 5-10% дық ерітіндісі
A) хлорлы әк
B) йодид
C) йод тұндырмасы
D) фенол
E) гидрид
06. Йодқа сапалық реакция
A) крахмал
B) натрий
C) целлюлоза
D) цезий
E) титан
07. Фтордың ядро заряды тең
A) 7
B) 9
C) 6
D) 3
E) 12
08. Күшті тотықтырғыштар
A) галогендер
B) халькоген
C) сілтілік
D) сілтілік жер
E) азот топшасы
09. Фтордың басқа галогендерден айырмашылығы
A) бос s орбиталық жоқ
B) бос d орбиталық жоқ
C) ұшқыш емес
D) s элемент
E) f элемент
10. Қосылыстарында бір валентті, өте белсенді, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттеседі және тоңазытқышта фреон алуға қолданылады
A) йод
B) фтор
C) бром
D) хлор
E) натрий
11. Маталарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуға, ауыз суын тазартуда қолданылады.
A) йод
B) фтор
C) бром
D) хлор
E) натрий
12. Ауада түтінденетін концентрлі ерітінді, өткір иісті, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін газ, ауадан 1,26 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады.
A) хлорсутек
B) фторсутек
C) бром
D) хлорид
E) натрий
13. Хлорды өндірісте неден алады?
A) тұз қышқылы
B) ас тұзы
C) ас содасы
D) калий
E) бромид
14. Құрамында хлоры бар қышқылдардың қайсысы күшті болып есептеледі
A) HClO
B) HClO2
C) HClO3
D) HCl
E) HClO4
15. 5,6 г натрий хлормен әрекеттескенде түзілетін натрий хлоридінің массасы
A) 14,24
B) 4,6
C) 95 г
D) 150
E) 17,8
16. KClO3 -те хлордың тотығу дәрежесі:
A) +1.
B) -1.
C) +5.
D) +3.
E) +7.
17. Галогендердің электрондық формуласы:
A) ns2 np5.
B) ns2 np2.
C) ns2 np3.
D) ns2 np6.
E) ns2 np4.
18. Ең жоғары электротерістілік мәнге ие болатын галоген:
A) Br2.
B) Cl2.
C) J2.
D) F2.
E) S.
19. Қатты агрегат күйде болатын галоген:
A) S.
B) Cl2.
C) Br2.
D) F2.
E) I2.
20. Натрий галогенидтерінің молекуласындағы химиялық байланыстың типін көрсетіңіз: NaF, NaCl, NaBr, NaJ
A) Ковалентті полюсті.
B) Иондық.
C) Ковалентті полюссіз.
D) Сутектік.
E) Металдық.
1. Сары жасыл түсті, өткір иісті, ауадан 2,5 есе ауыр газ
A) хлор
2. Тұз қышқылының тұздары
Д) хлоридтер
3. Хлордың ⅓ бөлігі сумен әрекеттесіп, түзіледі
C) HCl, HClO
4. Ағартқыш әктің негізгі құрамдас бөлігі
A) CaOCl2
5. Йодтың 5-10% дық ерітіндісі
C) йод тұндырмасы
6. Йодқа сапалық реакция
A) крахмал
7. Фтордың ядро заряды тең
B) 9
Себебі электрон саны тоғыз
8. Күшті тотықтырғыштар
A) галогендер
Галогендердің атом құрылысының сыртқы қабатында бір ғана электрон жетіспейді (асыл газ құрылысына ұқсас болуы үшін, жалғыз қалған электронға жұп табуы үшін), сондықтан металдармен байланысқанда олардың сыртқы деңгейдегі электрондарын тартып алады, яғни галогендер тотығу реакциясына түсіде де тотықтырғаш рөлін атқарады.
9. Фтордың басқа галогендерден айырмашылығы
B) бос d орбиталық жоқ
Фтор екінші периодта орналасқан, ал d орбиталы төртінші периодтан басталады.
10. Қосылыстарында бір валентті, өте белсенді, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттеседі және тоңазытқышта фреон алуға қолданылады
B) фтор
11. Маталарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуға, ауыз суын тазартуда қолданылады.
Д) хлор
12. Ауада түтінденетін концентрлі ерітінді, өткір иісті, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін газ, ауадан 1,26 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады.
A) хлорсутек
13. Хлорды өндірісте неден алады?
B) ас тұзы
14. Құрамында хлоры бар қышқылдардың қайсысы күшті болып есептеледі
E) HClO4
15. 5,6 г натрий хлормен әрекеттескенде түзілетін натрий хлоридінің массасы
A) 14,24
5,6 г |
|
|
|
х г |
2Na |
+ |
Cl2 |
= |
2NaCl |
46 г |
|
|
|
117 г |
Х = 14,24 г
16. KClO3 -те хлордың тотығу дәрежесі:
C) +5.
17. Галогендердің электрондық формуласы:
A) ns2 np5.
Себебі олар жетінші топта орналасқан, 2 + 5 = 7
18. Ең жоғары электротерістілік мәнге ие болатын галоген:
D) F2
19. Қатты агрегат күйде болатын галоген:
E) I2
20. Натрий галогенидтерінің молекуласындағы химиялық байланыстың типін көрсетіңіз: NaF, NaCl, NaBr, NaJ
B) Иондық.