Тест сұрақтары (20 сұрақ)

01. Ерітінді дайындауға 18 г тұз және 102 г су жұмсалады. Ерітіндінің массалық үлесі (%)

A) 15

B) 16

C) 14

D) 17

E) 13


02. Студенттер басқаға тәжірибе жасау үшін физиологиялық ерітінді дайындады. Ол үшін олар 100 г суға 9 г тұз қосты. Физиологиялық ерітіндідегі тұздың массалық үлесі (%)

A) 8,26

B) 9,17

C) 12,76

D) 6,45

E) 11,84

 

03. Еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті жүйе

A) Ерітінді

B) Еріген зат

C) Су

D) Мольдік концентрация

E) масса

 

04. Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алатын болса:

A) қанықпаған

B) қаныққан

C) нейтралды

D) еріген заты жоқ жүйе

E) дұрыс жауабы жоқ

 

05. Ас содасының 5%-дық ерітіндісін медицинада асқазан қышқылын азайту және мұрын мен тамақты шаю үшін қолданылады. Осындай ерітіндінің 700 грамын әзірлеуге жұмсалатын тұз бен су массасы

A) 65, 635 г

B) 25, 675 г

C) 45, 665 г

D) 30, 670 г

E) 35, 665 г


06. Медицинада жарақатты зарарсыздандыру үшін 5%-тік йодтың спирттегі ерітіндісі қолданылады. Дәріханада 5%-тік 200 г ерітінді дайындау үшін қажет еріткіштің массасы

A) 195

B) 179

C) 190

D) 150

E) 200

 

07. Тұрмыс жағдайында кейбір көкөністерді тұздау үшін 3% ас тұзы ерітіндісін қолданады. 10 г тұздық ерітіндісін дайындауға ас тұзы мен судың массалары (г)

A) 2,2; 7,8

B) 0,3; 9,7

C) 0,2; 9,8

D) 2; 8

E) 0,1; 9,9

 

08. 300 г 25% ерітінді мен 400 г 40% ерітіндіні араластырғанда еріген заттың массалық үлесі (%)

A) 33,57

B) 87

C) 90

D) 34

E) 23,5

 

09. 150 г 10% H2SO4 ерітіндісіне 300 г 5% H2SO4 ерітіндісін қосты, алынған ерітіндінің концентрациясы (%)

A) 6,67

B) 9,85

C) 5,8

D) 7,87

E) 3,8


10. Массалық үлесі 0,1 массасы 150 г натрий хлориді ерітіндісі мен массалық үлесі 0,2 массасы 250 натрий хлориді ерітінділерінің араластырғанда алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесі (%)

A) 16,25

B) 12,65

C) 13,65

D) 17,35

E) 15,25


11. Азот қышқылының массалық үлесі 50%, тығыздығы 1,31 г/см³, көлемі 200 мл ерітіндісі берілген. Осы ерітіндідегі таза азот қышқылының массасы:

A) 131

B) 438

C) 291

D) 211

E) 381


12. Күкірт қышқылының көлемі 500 мл, массалық үлесі 15%, тығыздығы 1,1 г/см³ ерітіндісіне 60 г су құйылды. Түзілген ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі (%)

A) 82,5

B) 28,5

C) 98,5

D) 13,5

E) 65,5

 

13. Айран жасағанда 6 кг сүтке 60 г ашытқы құяды. Ерітіндідегі ашытқының массалық үлесі (%)

A) 4

B) 3

C) 2

D) 5

E) 1

 

14. 150 г 8% және 250 г 10% сірке альдегиді араластырылды. Ерітіндідегі сірке альдегидінің массасы мен массалық үлесі

A) 37; 9,25%

B) 47; 9,25%

C) 37; 10%

D) 40; 15%

E) 57; 9,25%


15. Массасы 30 г натрий сульфатынан 14,3%-дық 1,13 г/мл қанша ерітінді дайындауға болады?

A) 209,8 г; 185,66 мл

B) 234,5 г; 185,66 мл

C) 987 г; 761,2 мл

D) 234 г; 800 мл

E) 500 г; 800 мл

 

16. «Тұздың 3%-ті ерітіндісі» деген сөйлемінің мәні:

A) ерітіндінің 100 грамында тұздың 30 грамы бар

B) ерітіндінің 103 грамында тұздың 3 грамы бар

C) судың 97 грамында тұздың 3 грамы ерітілген

D) судың 100 грамында тұздың 3 грамы ерітілген

E) судың 100 грамында тұздың 30 грамы бар

 

17. Суда ерімейтін зат:

A) күміс хлориді AgCl

B) калий сульфаты K2SO4

C) кальций хлориді KCl

D) натрий хлориді NaCl

E) барий нитраты Ba(NO3)2


18. Натрий нитратының 450 г 20 %-ті ерітіндісіндегі судың массасы

A) 370 г

B) 418 г

C) 360 г

D) 434 г

E) 402 г


19. Суда ең жақсы еритін қосылыс

A) Ca(OH)2

B) NH4OH

C) Zn(OH)2

D) Fe(OH)3

E) NaOH

 

20. Ерімейтін зат:

A) K2S

B) NaCl

C) NaNO3

D) (NH4)2SO4

E) AgCl


Жауаптар

 

1. Ерітінді дайындауға 18 г тұз және 102 г су жұмсалады.Ерітіндінің массалық үлесі (%)

A) 15

w = m(еріген зат) / m(ерітінді) × 100% = 18 / 120 × 100% = 15%

 

2. Студенттер басқаға тәжірибе жасау үшін физиологиялық ерітінді дайындады.Ол үшін олар 100 г суға 9 г тұз қосты. Физиологиялық ерітіндідегі тұздың массалық үлесі (%)

A) 8,26

w = m(еріген зат) / m(ерітінді) × 100% = 9 / 109 × 100% = 8,26%

 

3. Еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті жүйе

A) Ерітінді

 

4. Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алатын болса:

A) қанықпаған

 

5. Ас содасының 5%-дық ерітіндісін медицинада асқазан қышқылын азайту және мұрын мен тамақты шаю үшін қолданылады. Осындай ерітіндінің 700 грамын әзірлеуге жұмсалатын тұз бен су массасы

E) 35, 665 г

m(еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 700 × 5% / 100% = 35

m(еріткіш/су) = m(ерітінді) – m(еріген зат) = 700 – 35 = 665

 

6. Медицинада жарақатты зарарсыздандыру үшін 5%-тік йодтың спирттегі ерітіндісі қолданылады. Дәріханада 5%-тік 200 г ерітінді дайындау үшін қажет еріткіштің массасы

C) 190

m(еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 200 × 5% / 100% = 10

m(еріткіш/су) = m(ерітінді) – m(еріген зат) = 200 10 = 190 г

 

7. Тұрмыс жағдайында кейбір көкөністерді тұздау үшін 3% ас тұзы ерітіндісін қолданады. 10 г тұздық ерітіндісін дайындауға ас тұзы мен судың массалары (г)

B) 0,3; 9,7

m(еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 10 × 3% / 100% = 0,3

m(еріткіш/су) = m(ерітінді) – m(еріген зат) = 10 - 0,3 = 9,7

 

8. 300 г 25% ерітінді мен 400 г 40% ерітіндіні араластырғанда еріген заттың массалық үлесі (%)

A) 33,57

ерітінді-1 + ерітінді-2 = ерітінді-3

m-1(еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 300 × 25% / 100 = 75

m-2(еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 400 × 40% / 100% = 160

еріген зат: m-1 + m-2 = m-3 = 160 + 75 = 235

ерітінді: m-1 + m-2 = m-3 = 300 + 400 = 700

w = m(еріген зат) / m(ерітінді) × 100% = 235 / 700 × 100% = 33,57%

 

9. 150 г 10% H2SO4 ерітіндісіне 300 г 5% H2SO4 ерітіндісін қосты, алынған ерітіндінің концентрациясы (%)

A) 6,67

ерітінді-1 + ерітінді-2 = ерітінді-3

m-1(еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 150 × 10% / 100% = 15

m-2(еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 300 × 5% / 100% = 15

еріген зат: m-1 + m-2 = m-3 = 15 + 15 = 30

ерітінді: m-1 + m-2 = m-3 = 150 + 300 = 450

w = m(еріген зат) / m(ерітінді) × 100% = 30 / 450 × 100% = 6,67%

 

10. Массалық үлесі 0,1 массасы 150 г натрий хлориді ерітіндісі мен массалық үлесі 0,2 массасы 250 натрий хлориді ерітінділерінің араластырғанда алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесі (%)

A) 16,25

ерітінді-1 + ерітінді-2 = ерітінді-3

m-1(еріген зат) = m(ерітінді) × w = 150 × 0,1 = 15

m-2(еріген зат) = m(ерітінді) × w = 250 × 0,2 = 50

еріген зат: m-1 + m-2 = m-3 = 15 + 50 = 65

ерітінді: m-1 + m-2 = m-3 = 150 + 250 = 400

w = m(еріген зат) / m(ерітінді) × 100% = 65 / 400 × 100 = 16,25%

 

11. Азот қышқылының массалық үлесі 50%, тығыздығы 1,31 г/см³, көлемі 200 мл ерітіндісі берілген. Осы ерітіндідегі таза азот қышқылының массасы:

A) 131

1 см³ = 1 мл

р (ерітінді) = 1,31 г/см3

V (ерітінді) = 200 мл

w (еріген зат) = 50%

m (ерітінді) = p × V = 1,31 × 200 = 262 г

m(еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 262 × 50% / 100% = 131 г

 

 

12. Күкірт қышқылының көлемі 500 мл, массалық үлесі 15%, тығыздығы 1,1 г/см³ ерітіндісіне 60 г су құйылды. Түзілген ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі (%)

D) 13,5

р (ерітінді) = 1,1 г/см3

V (ерітінді) = 500 мл

w (еріген зат) = 15%

m (су) = 60 г

ерітінді-1 + су= ерітінді-2

m-1 (ерітінді) = p × V = 500 × 1,1 = 550 г

m-1 (еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 550 × 15% / 100% = 82,5 г

ерітінді: m-1 + су = 550 + 60 = 610

w = m(еріген зат) / m(ерітінді) × 100% = 82,5 / 610 = 13,52%

 

13. Айран жасағанда 6 кг сүтке 60 г ашытқы құяды. Ерітіндідегі ашытқының массалық үлесі (%)

E) 1

w = m(еріген зат) / m(ерітінді) × 100% = 60 г / (6000 г + 60 г) × 100% = 1%

 

14. 150 г 8% және 250 г 10% сірке альдегиді араластырылды. Ерітіндідегі сірке альдегидінің массасы мен массалық үлесі

G) 9,25

H) 37

ерітінді-1 + ерітінді-2 = ерітінді-3

m-1(еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 150 × 8% / 100% = 12

m-2(еріген зат) = m(ерітінді) × w / 100% = 250 × 10% / 100% = 25

еріген зат: m-1 + m-2 = m-3 = 12 + 25 = 37

ерітінді: m-1 + m-2 = m-3 = 150 + 250 = 400

w = m(еріген зат) / m(ерітінді) × 100% = 37 / 400 × 100% = 9,25%

 

15. Массасы 30 г натрий сульфатынан 14,3%-дық 1,13 г/мл қанша ерітінді дайындауға болады?

A) 209,8 г; 185,66 мл

m (ерітінді) = 30 × 100% / 14,3% = 209,8 г

V (ерітінді) = m / p = 209,8 / 1,13 = 185,66 мл

 

16. «Тұздың 3%-ті ерітіндісі» деген сөйлемінің мәні:

C) судың 97 грамында тұздың 3 грамы ерітілген

 

17. Суда ерімейтін зат:

A) күміс хлориді AgCl


18. Натрий нитратының 450 г 20 %-ті ерітіндісіндегі судың массасы

C) 360 г

w (су) = 100% - 20% = 80%

m(су) = m(ерітінді) × w / 100% = 450 × 80% / 100% = 360 г


19. Суда ең жақсы еритін қосылыс

E) NaOH

 

20. Ерімейтін зат:

E) AgCl

Соңғы өзгеріс: Жексенбі, 1 Қазан 2023, 11:58