Тест сұрақтары (25 сұрақ)

(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)


01. Массасы 92 г натрий хлормен әрекеттескенде қанша натрий хлориді түзіледі? Na + Cl2 = NaCl

A) 234

B) 233

C) 56

D) 178

E) 352


02. Массасы 36 г көмір жанғанда неше моль көмірқышқыл газы (CO2) түзіледі? C + O2 = CO2

A) 6

B) 5

C) 3

D) 2

E) 7

 

03. Реакция нәтижесінде 10 г сутегі бөліну үшін қанша мырыш (Zn) тұз қышқылымен (HCl) әрекеттесуі қажет? Zn + HCl = ZnCl2 + H2

A) 89

B) 325

C) 56

D) 244

E) 149

 

04. Массасы 150 г мырыш мыс хлоридімен (CuCl2) әрекеттескенде неше грамм мыс алынады? Zn + CuCl2 = ZnCl2 + Cu

A) 456

B) 147.7

C) 87.6

D) 45

E) 675

 

05. Реакция нәтижесінде 127 г алюминий сульфиді (Al2S3) түзілсе, реакцияға қанша алюминий түскен? Al + S = Al2S3

A) 45,72

B) 89

C) 56.4

D) 87

E) 345

 

06. Массасы 48 г магний тұз қышқылымен (HCl) әрекеттескенде неше моль сутегі бөлінеді, ол неше грамм болады? Mg + HCl = MgCl2 + H2

A) 2 моль, 4 г

B) 8 моль, 3 г

C) 7 моль, 5 г

D) 2 моль, 3 г

E) 6 моль, 3 г


07. Зат мөлшері 0.25 моль мырыш тұз қышқылымен (HCl) әрекеттескенде қанша мырыш хлориді (ZnCl2) түзіледі, ол неше моль болады. Zn + HCl = ZnCl2 + H2

A) 4 моль, 4 г

B) 4 моль, 6 г

C) 1,5 моль, 7 г

D) 0,25 моль, 34 г

E) 0,6 моль, 34 г


08. Оттегінің (O2) 48 грамынан алынатын озонның (O3) зат мөлшері; O2 = O3

A) 1 моль

B) 3 моль

C) 2 моль

D) 1,5 моль

E) 0,5 моль

 

09. 200 г кальций карбонатын (CaCO3) алу үшін натрий карбонаты (Na2CO3) массасы. Na2CO3 + CaCl2 = CaCO3 + 2NaCl

A) 212

B) 989

C) 90

D) 675

E) 200

 

10. Құрамында 56 г темір бар темір (lll) оксидінің Fe2O3 массасы

A) 40

B) 20

C) 120

D) 80

E) 190

 

11. 0,6 моль барий гидроксидімен (Ba(OH)2) әрекеттесетін азот қышқылының (HNO3) массасы. Ba(OH)2 + HNO3 = Ba(NO3)2 + H2O

A) 18,9

B) 75,6

C) 151,2

D) 15,12

E) 37,8

 

12. 120 г магнийдің оттекті (MgO) қосылысындағы магнийдің массасы

A) 24 г

B) 52 г

C) 72 г

D) 48 г

E) 64 г

 

13. 130 г мырышпен әрекеттесетін мыс сульфаты (CuSO4) массасы. CuSO4 + Zn = ZnSO4 + Cu

A) 250 г

B) 160 г

C) 280 г

D) 320 г

E) 380 г

 

14. 160 г SO3 сумен реакцияға түссе, қанша грамм күкірт қышқылы (H2SO4) түзіледі. SO3 + H2O = H2SO4

A) 196

B) 76

C) 90

D) 200

E) 342

 

15. Күкірт қышқылының (H2SO4) көлемі 500 мл, тығыздығы 1,12 г/мл, массалық үлесі 4,9%-қ ерітіндісі берілген. Ерітіндінің молярлық концентрациясы (моль/л);

A) 0,034

B) 0,015

C) 0,560

D) 0,089

E) 0,005

 

16. Концентрациясы 0,1 моль/л 250 мл калий гидроксидінің KOH ерітіндісін дайындау үшін қанша калий гидроксиді керек?

A) 0,4

B) 5,6

C) 70.8

D) 3,40

E) 0,975


17. Массасы 5.3 г натрий карбонатын (Na2CO3) 0,5 л суда еріткенде түзілген ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеңдер.

A) 0,5 моль/л

B) 0,4 моль/л

C) 0,3 моль/л

D) 0,2 моль/л

E) 0,1 моль/л

 

18. Массасы 3 г натрий гидроксидінен NaOH концентрациясы 0,3 моль/л қанша ерітінді дайындауға болады (мл)?

A) 436

B) 260

C) 674

D) 250

E) 150

 

19. Күкірт қышқылының H2SO4 40% дық (р=1,307) концентрациясын молярлы концентрацияға айналдырыңыз.

A) 41,2

B) 8.65

C) 34.5

D) 5.33

E) 4.33

 

20. Натрий гидроксидінің NaOH 0,8 грамы 100 мл ерітіндіде болса, осы ерітіндінің молярлы концентрациясы қандай? (моль/л)

A) 0.1

B) 0.2

C) 0.3

D) 0.4

E) 0.5

 

21. Құрамында 10% қоспасы бар 6,5 г ас тұзынан (NaCl) алынатын хлорсутектің (HCl) (қ.ж.) көлемі (л); NaCl + HNO3 = NaNO3 + HCl

A) 1 моль

B) 10 моль

C) 2 моль

D) 3 моль

E) 5 моль

 

22. Мырыш пен мыстың 10 г қоспасы тұз қышқылынан (HCl) 0.1 моль газды ығыстырады. Қоспадағы мыстың массалық үлесі (%); Zn + HCl = ZnCl2 + H2; Cu + HCl = реакция жүрмейді

A) 40

B) 64

C) 65

D) 50

E) 35

 

23. 200 г техникалық мыс (ІІ) оксидін (CuO) қыздыра отырып, сутекпен өңдегенде 128 г мыс алынды. Оксидтегі қоспаның массалық үлесі; CuO + H2 = Cu + H2O

A) 60%

B) 10%

C) 20%

D) 80%

E) 40%


24. 200 г мыс (ІІ) оксиді (CuO) мен калий оксидінің (K2O) қоспасы 36 г сумен өңделді. Сонда қоспадағы мыс (ІІ) оксидінің массалық үлесі; K2O + H2O = KOH; CuO + H2O = реакция жүрмейді

A) 8%

B) 6%

C) 18%

D) 16%

E) 10%


25. 12,75 г техникалық алюминий оксидін (Al2O3) 37,8 г азот қышқылымен (HNO3) өңдеді. Оксидтегі қоспасының массалық үлесі: Al2O3 + HNO3 = Al(NO3)3 + H2O

A) 80%

B) 10%

C) 90%

D) 20%

E) 25%


Жауаптары

 

1. Массасы 92 г натрий хлормен әрекеттескенде қанша натрий хлориді түзіледі?

Na + Cl2 = NaCl

A) 234

92 г

 

 

 

X г

2Na

+

Cl2

=

2NaCl

46 г

 

 

 

117 г

X = 234 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

2. Массасы 36 г көмір жанғанда неше моль көмірқышқыл газы түзіледі?

C + O2 = CO2

C) 3

36 г

 

 

 

X моль

C

+

O2

=

CO2

12 г

 

 

 

1 моль

X = 3 моль

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

3. Реакция нәтижесінде 10 г сутегі бөліну үшін қанша мырыш тұз қышқылымен әрекеттесуі қажет?

Zn + HCl = ZnCl2 + H2

B) 325

Х г

 

 

 

 

 

10 г

Zn

+

2HCl

=

ZnCl2

+

H2

65 г

 

 

 

 

 

2 г

Х = 325 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

4. Массасы 150 г мырыш мыс хлоридімен әрекеттескенде неше грамм мыс алынады?

Zn + CuCl2 = ZnCl2 + Cu

B) 147.7

150 г

 

 

 

 

 

X г

Zn

+

CuCl2

=

ZnCl2

+

Cu

65 г

 

 

 

 

 

64 г

X = 147,7 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

5. Реакция нәтижесінде 127 г алюминий сульфиді түзілсе, реакцияға қанша алюминий түскен?

Al + S = Al2S3

A) 45,72

X г

 

 

 

127 г

2 Al

+

3S

=

Al2S3

54 г

 

 

 

150 г

X = 45,72 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

6. Массасы 48 г магний тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль сутегі бөлінеді, ол неше грамм болады?

Mg + HCl = MgCl2 + H2

A) 2 моль, 4 г

48 г

 

 

 

 

 

X моль

Mg

+

2HCl

=

MgCl2

+

H2

24 г

 

 

 

 

 

1 моль

Х = 2 моль, m = 2 ∙ 2 = 4 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

7. Зат мөлшері 0.25 моль мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде қанша мырыш хлориді түзіледі, ол неше моль болады

Zn + HCl = ZnCl2 + H2

D) 0,25 моль, 34 г

0.25 моль

 

 

 

X г

 

 

Zn

+

2HCl

=

ZnCl2

+

H2

1 моль

 

 

 

136 г

 

 

Х = 0.25 моль, m = 0.25136 = 34 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

8. Оттегінің 48 грамынан алынатын озонның зат мөлшері:

 

48 г

 

Х моль

3O2

=

2O3

3*32 г

 

2 моль

Х = 1 моль

 

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

9. 200 г кальций карбонатын алу үшін натрий карбонаты массасы.

Na2CO3 + CaCl2 = CaCO3 + 2NaCl

A) 212

Х г

 

 

 

200 г

 

 

Na2CO3

+

CaCl2

=

CaCO3

+

2NaCl

106 г

 

 

 

100 г

 

 

Х = 212 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

10. Құрамында 56 г темір бар темір (lll) оксидінің Fe2O3 массасы

D) 80

Бұл есепте жаңа өнім түзіліп жатқан жоқ, сондықтан химиялық реакция жазу қажет емес

X г

 

56 г

Fe2O3 ішінде

=

2Fe

160 г

 

112 г

X = 80 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

11. 0,6 моль барий гидроксидімен әрекеттесетін азот қышқылының массасы

Ba(OH)2 + HNO3 = Ba(NO3)2 + H2O

B) 75,6

0,6 моль

 

X г

 

 

 

 

Ba(OH)2

+

2HNO3

=

Ba(NO3)2

+

2H2O

1 моль

 

126 г

 

 

 

 

X = 75,6

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

12. 120 г магнийдің оттекті (MgO) қосылысындағы магнийдің массасы

C) 72 г

Бұл есепте жаңа өнім түзіліп жатқан жоқ, сондықтан химиялық реакция жазу қажет емес

120 г

 

х г

MgO ішінде

=

Mg

40 г

 

24 г

x = 72 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

13. Құрамы 130 г мырышпен әрекеттесетін мыс сульфаты массасы

CuSO4 + Zn = ZnSO4 + Cu

D) 320 г

X г

 

130 г

 

 

 

 

CuSO4

+

Zn

=

ZnSO4

+

Cu

160 г

 

65 г

 

 

 

 

X=320 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

14. 160 г SO3 сумен реакцияға түссе, қанша грамм күкірт қышқылы түзіледі

SO3 + H2O = H2SO4

A) 196

160г

 

 

 

x г

SO3

+

H2O

=

H2SO4

80 г/моль

 

 

 

98 г/моль

Х = 196 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

15. Күкірт қышқылының көлемі 500 мл, тығыздығы 1,12 г/мл, массалық үлесі 4,9%-қ ерітіндісі берілген. Ерітіндінің молярлық концентрациясы (моль/л)

C) 0,560

w (H2SO4) = 4,9%

V = 500 мл = 0,5 л

m (ерітінді) = 500 ∙ 1,12 = 560 г

m (еріген зат H2SO4) = 560 ∙ 4,9% / 100% = 27,44 г 

M (H2SO4) = 98 г/моль

C = v / V = m / (MV) = 27,44 / (98 ∙ 0,5 л) = 0,56 моль/л

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

16. Концентрациясы 0,1 моль/л 250 мл калий гидроксидінің ерітіндісін дайындау үшін қанша калий гидроксиді керек?

E) 0,975

C = 0,1 моль/л

V = 250 мл

C = v / V

250 мл = 0,25 л

v = C × V= 0,1 × 0,25 = 0,025 моль

m(KOH) = 0,025 моль × 39 г/моль = 0,975 г

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

17. Массасы 5.3 г натрий карбонатын (Na2CO3) 0,5 л суда еріткенде түзілген ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеңдер.

E) 0,1 моль/л

m (Na2CO3) = 5,3 г

V (cу) = 0,5 л

M (Na2CO3) = 106 г/моль

C = v / V = m / (MV) = 5,3 / (106 ∙ 0,5) = 0,1 моль/л

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

18. Массасы 3 г натрий гидроксидінен концентрациясы 0,3 моль/л қанша ерітінді дайындауға болады (мл)?

D) 250

m(NaOH) = 3 г

M(NaOH) = 40 г/моль

C = 0,3 моль/л

v (NaOH) = 3 / 40 = 0,075 моль

V = v / C = 0,075 / 0,3 = 0,25 л = 250 мл

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

 

19. Күкірт қышқылының H2SO4 40% дық (р=1,307) концентрациясын молярлы концентрацияға айналдырыңыз.

D) 5.33

Есепте ерітіндінің көлемі берілмеген, дегенмен есепті дұрыс шығару үшін бізге көлем керек. Сондықтан шартты түрде көлемді 1 л деп аламыз. 40% шамасы массалық үлес болғандықтан, сол шаманы пайдалану үшін алдымен ерітіндінің массасын тауып алу керекпіз.

m (ерітінді) = p × V= 1,307 × 1 = 1,307 кг = 1307 г

m(еріген зат) = 1307 × 40% / 100% = 522,8 г

M(H2SO4) = 98 г/моль

v = 522,8 / 98 = 5,33 моль

C = v / V= 5,33 моль / 1 л = 5,33 моль/л

– – – – – – – – – – – – – – – – – –

20. Натрий гидроксидінің 0,8 грамы 100 мл ерітіндіде болса, осы ерітіндінің молярлы концентрациясы қандай? (моль/л)

B) 0.2

m(NaOH) = 0,8 г

V = 100 мл = 0,1 л

C = v / V = m / (MV) = 0,8 / (40 ∙ 0,1) = 0,2 моль/л

 

21. Құрамында 10% қоспасы бар 6,5 г ас тұзынан алынатын хлорсутектің зат мөлшері (моль)

A) 0.1 моль

m(NaCl) = 6.5 г * 0.9 = 5.85 г

5.85 г

 

 

 

 

 

Х моль

NaCl

+

HNO3

=

NaNO3

+

HCl

58.5 г

 

 

 

 

 

1 моль

Х = 0.1 моль

 

22. Мырыш пен мыстың 10 г қоспасы тұз қышқылынан 0.1 моль газды ығыстырады. Қоспадағы мыстың массалық үлесі (%); Zn + HCl = ZnCl2 + H2; Cu + HCl = реакция жүрмейді

E) 35

 

Х г

 

 

 

 

 

0.1 моль

Zn

+

2HCl

=

ZnCl2

+

H2

65 г

 

 

 

 

 

1 моль

Х = 6.5 г Zn

m(Cu) = 10 - 6.5 = 3.5 г Cu

w (Cu) = 3.5/10 * 100% = 35%

 

 

23. 200 г техникалық мыс (ІІ) оксидін қыздыра отырып, сутекпен өңдегенде 128 г мыс алынды. Оксидтегі қоспаның массалық үлесі; CuO + H2 = Cu + H2O

D) 80%

 

Х г

 

 

 

128 г

 

 

CuO

+

H2

=

Cu

+

H2O

80 г

 

 

 

64 г

 

 

Х = 160 г CuO

w (CuO) = 160/200 * 100% = 80%

 

24. 200 г мыс (ІІ) оксиді мен калий оксидінің қоспасы 36 г сумен өңделді. Сонда қоспадағы мыс (ІІ) оксидінің массалық үлесі; K2O + H2O = KOH; CuO + H2O = реакция жүрмейді

6%

 m(ХХ) = ХХ г

Х г

 

36 г

 

 

K2O

+

H2O

=

2KOH

94 г

 

18 г

 

 

Х = 188 г

m(CuO) = 200 - 188 = 12 г CuО

w (CuO) = 12/200 * 100% = 6%

 

 

25. 12,75 г техникалық алюминий оксидін 37,8 г азот қышқылымен өңдеді. Оксидтегі қоспасының массалық үлесі: Al2O3 + HNO3 = Al(NO3)3 + H2O

20%

 

Х г

 

37,8 г

 

 

 

 

Al2O3

+

6HNO3

=

2Al(NO3)3

+

3H2O

102 г

 

6 * 63

 

 

 

 

Х = 10.2 г Al2O3

m(қоспа) = 12.75 - 10.2 = 2.55

w (қоспа) = 10.2/12.75 * 100% = 20%

Соңғы өзгеріс: Дүйсенбі, 2 Қазан 2023, 12:12