Тест сұрақтары (20 сұрақ)
(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)
01. Оттек жай зат ретінде ........... кездеседі.
A) адам ағзасында
B) атмосферада
C) жер қыртысында
D) тұздарда
E) негіздерде
02. Озон оттек газынан ауыр
A) 2 есе
B) 2,5 есе
C) 3 есе
D) 1,5 есе
E) 4 есе
03. Оттектің 1,25 моліндегі молекула саны
A) 6,25 ∙ 1024
B) 5,07 ∙ 1023
C) 7,5 ∙ 1023
D) 8,02 ∙ 1024
E) 8,25 ∙ 1025
04. О2 өнеркәсіпте алынуы
A) калий хлоратынан
B) калий перманганаты
C) ауадан
D) сутек пероксидінен
E) металдан
05. 80 г оттегінің (қ.ж) көлемі (л)
A) 42
B) 56
C) 72
D) 65
E) 32
06. Мына айтылғандардың қайсысы сутекке сай келмейді:
A) салыстырмалы атомдық массасы 1
B) судың құрамына кіреді
C) мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде түзіледі
D) қызғылт сары газ
E) ауадан жеңіл
07. Сутектің жану реакциясы нәтижесінде түзіледі
A) су
B) гидроксид
C) сары жалын
D) мұз
E) тұз
08. Сутегі өте белсенді металдармен әрекеттесіп түзеді:
A) гидроксид
B) нитриттер
C) нитраттар
D) гидрид
E) хлорид
09. Газ күйінде қою-көк түсті, ал қатты күйінде көктен қара күлгін түске боялады:
A) озон
B) оттек
C) йод
D) темір
E) сутек
10. Озонды зертханада алуда пайдаланылатын құрал:
A) тонометр
B) озонатор
C) ионосфера
D) спирометр
E) монометр
11. Ауаның қалыпты жағдайдағы тығыздығы
A) 1,43 г/л
B) 1,32 г/л
C) 1,29 г/л
D) 1,53 г/л
E) 1,89 г/л
12. 3 моль пропанды жағу үшін оттегінің көлемі; C3H8 + O2 = CO2 + H2O
A) 12,4 дм3
B) 44,8 дм3
C) 15 дм3
D) 112 дм3
E) 336 дм3
13. Массасы 4,6 г натрий сумен әрекеттескенде неше л сутегі бөлінеді? Na + H2O = NaOH + H2
A) 2,24
B) 22,4
C) 3,36
D) 4,48
E) 12,6
14. Оттек үшін дұрыс емес пікір:
A) суда жақсы ериді
B) сұйық оттек ақшыл-көк түсті
C) иіссіз газ
D) суда аз ериді
E) түссіз газ
15. 9,6 г озоннан алынатын оттектің массасы
A) 4,8 г
B) 9,6 г
C) 6,4 г
D) 3,2 г
E) 96 г
16. H2S + O2 = S + H2O реакция теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы:
A) 6
B) 7
C) 3
D) 5
E) 4
17. Оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі:
A) O3
B) P4
C) S2
D) S8
E) O
18. Оттектің ауадағы көлемдік үлесі:
A) 78 %
B) 50 %
C) 100 %
D) 21 %
E) 3 %
19. Калий перманганатының айырылу теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы:
A) 6
B) 5
C) 2
D) 3
E) 4
20. Адам тыныс алғанда бөлінетін оксидтің формуласы
A) SO2
B) CO
C) CO2
D) NO2
E) H2O
Жауаптары
1. Оттек жай зат
ретінде ........... кездеседі.
B) атмосферада
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
2. Озон оттек газынан ауыр
D) 1,5 есе
М(O3) / M(O2) = 48 / 32 = 1.5
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
3. Оттектің 1,25 моліндегі молекула саны
C) 7,5 ∙1023
N = v × NA = 1,25 моль × 6.02×10²³ = 7.5×10²³
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
4. О2 өнеркәсіпте алынуы
C) ауадан
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
5. 80 г оттегінің (қ.ж) көлемі (л)
B) 56
V = v × Vm
v = 80 / 32 = 2,5 моль
V = 2,5 моль × 22.4 л/моль = 56 л
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
6. Мына айтылғандардың қайсысы сутекке сай келмейді:
D) қызғылт сары газ
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
7. Сутектің
жану реакциясы нәтижесінде түзіледі
A) су
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
8. Сутегі өте белсенді металдармен әрекеттесіп түзеді:
D) гидрид
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
9. Газ күйінде қою-көк түсті, ал қатты күйінде көктен қара күлгін түске боялады:
A) озон
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
10. Озонды зертханада алуда пайдаланылатын құрал:
B) озонатор
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
11. Ауаның қалыпты жағдайдағы
тығыздығы
C) 1,29 г/л
1 моль ауа = 22,4 л = 29 г
p = m / V = 29 / 22,4 = 1,29 г/л
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
12. 3 моль пропанды жағу үшін оттегінің көлемі
C3H8 + O2 = CO2 + H2O
E) 336 дм3
3 моль |
|
Х л |
|
|
|
|
C3H8 |
+ |
5O2 |
= |
3CO2 |
+ |
4H2O |
1 моль |
|
112 л |
|
|
|
|
Х = 336 л, л = дм3
– – – – – – – – – – – – – – – – – –
13. Массасы 4,6 г натрий сумен әрекеттескенде неше л сутегі бөлінеді?
A) 2,24
4,6 г |
|
|
|
|
|
X л |
2Na |
+ |
2H2O |
= |
2NaOH |
+ |
H2 |
46 г |
|
|
|
|
|
22,4 л |
X = 2,24 л
14. Оттек үшін дұрыс емес пікір: A) суда жақсы ериді
15. 9,6 г озоннан алынатын оттектің массасы
B) 9,6 г
9,6 г |
|
Х г |
2O3 |
= |
3O2 |
96 г |
|
96 г |
X = 9.6 г
16. H2S + O2 = S + H2O реакция теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы:
B) 7
2H2S + O2 = 2S + 2H2O
17. Оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі:
A) O3
18. Оттектің ауадағы көлемдік үлесі:
D) 21 %
19. Калий перманганатының айырылу теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы:
B) 5
2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2
20. Адам тыныс алғанда бөлінетін оксидтің формуласы
C) CO2