Тест сұрақтары (4 сұрақ)

(Тест сұрақтарының жауаптары төменде, есептердің шығарылу жолы да көрсетілген)


1. Массасы 5 г сілтілікжер металл ауадағы оттекпен тотықты. Алынған оксид сумен әрекеттесіп, нәтижесінде массасы 9,25 г металл гидроксиді түзілді. Реакцияға қатысқан сілтілік жер металл

A) барий

B) кальций

C) бериллий

D) стронций

E) магний

 

2. 67.2 л этилен C2H4 газы жанғанда түзілетін көмір қышқыл газы 0.25 M 500 мл Ca(OH)2 әрекеттескенде тұнбаға түсетін карбонаттың массасы. Этиленнің жану реакциясы: C2H4 + O2 = CO2 + H2O

A) 11.5 г

B) 12.5 г

C) 13.5 г

D) 14.5 г

E) 15.5 г


3. 58.5 г натрий хлоридінің судағы ерітіндісін электролиздегенде анодта бөлінген газды (Cl2) калий бромиді ерітіндісінен өткізді. Түзілген бромның зат мөлшері. Электролиз реакциясы: NaCl + H2O = NaOH + H2 + Cl2

A) 0.5 моль

B) 5 моль

C) 0.25 моль

D) 0.3 моль

E)  4 моль


4. 500 мл этанды C2H6 (қ.ж.) дегидрлегенде шығымы 90% этилен C2H4 түзілді. Осы этиленнен алынатын дихлорэтан C2H4Cl2 (ρ = 1,24 г/мл) еріткішінің көлемі. Этан және этен - газдар, дихлорэтан - сұйық зат. C2H6 = C2H4 + H2 ;;; C2H4 + Cl2 = C2H4Cl2

A) 1,4 л

B) 1,5 л

C) 1,2 л

D) 1,3 л

E) 1,6 л



Шешуі:

 

1. Массасы 5 г сілтілікжер металл ауадағы оттекпен тотықты. Алынған оксид сумен әрекеттесіп, нәтижесінде массасы 9,25 г металл гидроксиді түзілді. Реакцияға қатысқан сілтілік жер металл

  

Сілтілікжер металл, яғни ІІ валентті Me. Ауада тотықты = оттекпен әрекеттесті.

2Me + O2 = 2MeO

MeO + H2O = Me(OH)2

 

5 г

 

 

 

9,25 г

2Me

2MeO

2Me(OH)2

Х г

 

 

 

Х + 34

5(Х + 34) = 9.25Х

5х + 170 = 9.25х

х = 40 г (Са, кальций металы)

 

 

2. 67.2 л этилен C2H4 газы жанғанда түзілетін көмір қышқыл газы 0.25 M 500 мл Ca(OH)2 әрекеттескенде тұнбаға түсетін карбонаттың массасы. Этиленнің жану реакциясы:

C2H4 + 3O2 = 2CO2 + 2H2O

CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3 + H2O

m (Ca(OH)2) = C ∙ V ∙ M = 0.25 ∙ 0.5 ∙ 74 = 9.25 г (= 0.125 моль)

 

Бұл есепте аралық өнімді аттап кету жөн емес, себебі есепте Ca(OH)2 массасы берілген. Есепті дұрыс шығару үшін екінші реакциядағы артық берілген реагентті табу керек. Ол үшін CO2 моль санын табамыз.

67.2 л

 

 

 

Х моль

 

 

C2H4

+

3O2

=

2CO2

+

2H2O

22.4 л

 

 

 

2 моль

 

 

Х = 6 моль CO2, артық алынған реагент. Келесі есептеуде Ca(OH)2 моль санын қолданамыз

 

 

 

0.125 моль

 

Х г

 

 

CO2

+

Ca(OH)2

=

CaCO3

+

H2O

 

 

1 моль

 

100 г

 

 

Х = 12.5 г

 

3. 58.5 г натрий хлоридінің судағы ерітіндісін электролиздегенде анодта бөлінген газды (Cl2) калий бромиді ерітіндісінен өткізді. Түзілген бромның зат мөлшері.

2NaCl + 2H2O = 2NaOH + H2 + Cl2

2KBr + Cl2 = 2KCl + Br2

58.5 г

 

 

 

Х моль

2NaCl

Cl2

Br2

117 г

 

 

 

1 моль

Х = 0.5 моль

 

4. 500 мл этанды C2H6 (қ.ж.) дегидрлегенде шығымы 90% этилен C2H4 түзілді. Осы этиленнен алынатын дихлорэтан C2H4Cl2 (ρ = 1,24 г/мл) еріткішінің көлемі. Этан және этен - газдар, дихлорэтан - сұйық зат.

C2H6 = C2H4 + H2

C2H4 + Cl2 = C2H4Cl2

Шығым бірінші реакцияға қатысты болса да, оны ең соңында пайдаланамыз. Бірнеше тізбек реакция болса да, шығымды ең соңында есептеуге болады. Алдымен тізбек құрайық

 

0.5 л

 

 

 

Х г

C2H6

C2H4

C2H4Cl2

22.4 л

 

 

 

99 г

Х = 2.2 г

V = m / p = 2.2 / 1.24 = 1.77 л

Vпрактикалық = 1.77 0.9 = 1.6 л

Соңғы өзгеріс: Дүйсенбі, 2 Қазан 2023, 1:34